|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 11-қосымша
200 - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған "Мәдениет, ақпарат және спорт саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 319901 мың теңге (үш жүз он тоғыз миллион тоғыз жүз бiр мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексi; Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 2004 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 21-25-баптары; Қазақстан Республикасының "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 "Бюрократиямен күресу және құжат айналымын қысқарту, мемлекеттік аппараттың жұмысын жетiлдiру іс-шаралары туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 "Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашасындағы № 1240 "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердiң барынша нәтижелi орындалуына қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, оның комитеттерiнiң қызметтерiн қамтамасыз ету. Өз лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау мен кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәдениет қызметкерлерiнiң кәсiби қызметтерi аясындағы теориялық және тәжiрибелiк білімiн, шеберлiгiн және дағдысын жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң, оның комитеттерiнiң аппараттарын ұстау. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі қызметкерлерiнiң біліктілік деңгейiн көтеру және кадрларды қайта даярлау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. _________________________________________________________________ 2 001 Орталық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан 3 007 Мемлекеттік Мемлекеттік қызмет- Жыл Қазақстан 4 009 Мемлекеттік Қазақстан Респу- Жыл Қазақстан 5 017 Ақпараттық Есептеу техникасы Жыл Қазақстан
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне жүктелген қызметтердi сапалы және уақтылы орындау. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн көтеру.
Үкіметінiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 12-қосымша
200 - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған "Спорт бойынша білім беру объектiлерiн салу және қайта жаңарту" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 275160 мың теңге (екi жүз жетпiс бес миллион бiр жүз алпыс мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексi; Қазақстан Республикасының "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы" 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 Өкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасының Әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғарғы дәрежеге спортты дамыту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: таңдаулы спорт түрлерiне дарынды балаларға қолайлы жағдай жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. _________________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |