Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
ҚР Үкіметінің 2005.31.03 № 288 Қаулысымен Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлсiн.
1-бап. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзілсiн: 1) 1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "ротация - мемлекеттік қызметшiлердi мемлекеттік органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшелерінің арасында лауазымдық ауыстыру."; 2) 5-бапта: 1-тармақта: 4) тармақшадағы "әкiмшiлiк" деген сөз алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 8-1), 14-1) тармақшалармен толықтырылсын: "8-1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшiн мемлекеттік әкімшілiк қызметшілерге салынған тәртіптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастауға келісім беру;"; "14-1) мемлекеттік органдар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу;"; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Уәкiлетті органның облыстарда, Астана және Алматы қалаларында тәртіптiк кеңестерi болады, олар туралы үлгі ереженi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi."; 3) 12-бапта: 2-тармақта: "мемлекеттік әкімшілiк қызметшінің" деген сөздер "мемлекеттік қызметшінің" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|