Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың кейбір мәселелері
Осы редакция 2005 ж. 4 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 17, 152-құжат): 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен несиелендіру бағдарламаларына қатысу". 2. " Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулысында: 1) 1-тармақта: "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" деген сөздер "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" деген сөздермен ауыстырылсын; "дәнді дақылдардың тұқымын" деген сөздерден кейін "ішкі рынокта" деген сөздермен толықтырылсын; "қаражатын бөлу" деген сөздерден кейін "және осы жұмысты 1998 жылдың 15 желтоқсанына дейін аяқтау" деген сөздермен толықтырылсын; 2) 2-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" деген сөздер "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 4-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "1) астықты бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен (оның ішінде жеке тұлғалардан да) сатып алу"; 4) аталған қаулының 1-қосымшасында: атауындағы "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамы несиелік қаражатының есебінен" деген сөздер алынып тасталсын; 1-тармақта: "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ҚХЖБ-топ" ЖАҚ)" деген сөздер "Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры (бұдан әрі - Қор)" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша ақша орналастыру үшін Қормен агенттік және өзге де келісімдерді жасасады"; 2-тармақта: "ҚХЖБ-топ" ЖАҚ-ның" деген сөздер "Қордың" деген сөзбен ауыстырылсын; бірінші абзацтағы "екінші деңгейдегі банктердің кепілдігімен" деген сөздер алынып тасталсын; үшінші абзац "астық компанияларына" деген сөздерден кейін "екінші деңгейдегі банктердің кепілдігімен" деген сөздермен толықтырылсын; 3 және 7-тармақтарды "ҚХЖБ-топ" ЖАҚ-ына деген сөздер "Қордың", "Қорға" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Қор Ведомствоаралық комиссияның ұсынымы бойынша "Азық-түлік" келісім шарт-корпорациясы" жабық акционерлік қоғамымен несие келісімін жасасады, ал астық компанияларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған екінші деңгейдегі банктердің кепілдігіне немесе несие қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз етудің өзге де қолайлы шарттарымен астық сатып алуға несие қаражатын береді"; 5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "өзінің ауыл шаруашылығы өндірісінің, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Республикалық астық инспекциясы ұсынған меншікті (немесе басқа заңдық негіздер бойынша пайдаланатын) желілік элеваторлық сыйымдылықтарының болуы"; 6-тармақтағы "Тендерге" деген сөз "Астық сатып алу бағдарламасына" деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақтағы "ҚХЖБ-топ" ЖАҚ-ның" деген сөздер "Қордың" деген сөзбен ауыстырылсын; 11-тармақтағы "ҚХЖБ-топ" ЖАҚ-ында" және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімімен мемлекеттік ресурстарға есептеледі, бұл ретте заемшылардың "ҚХЖБ-топ" ЖАҚ-ның" алдындағы міндеттемелері орындалған болып саналады, не" деген сөздер алынып тасталсын; 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "13. Қор белгіленген тәртіппен уәкілетті банктерден кепілдіктер қабылдайды және олардың өздеріне алған міндеттемелерді орындауы бойынша есеп жүргізеді; 14. Уәкілетті банк заемшымен несие келісімін және кепіл шартын жасасады қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына және олардың уақытында қайтарылуына бақылауды қамтамасыз етеді". 3. Аталған қаулының 2-қосымшасында: атауындағы "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамының несиелік қаражатының есебінен" деген сөздер алынып тасталсын; 1) 1997/98 жылдың астығын сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Төлеухан Мұратқанұлы Нұрқиянов - комиссия төрағасының орынбасары болып; Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі Иван Иванович Отто - комиссия мүшесі болып; "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының президенті Алтынбек Смағұлұлы Үмбетов - комиссия мүшесі болып енгізілсін; "Әзімов Руслан Жұмабайұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы, Ведомствоаралық комиссия төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Әзімов Руслан Жұмабайұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, комиссия мүшесі"; "Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің міндетін атқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы"; 2) Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы аталған құрамнан шығарылсын; 4. Ведомствоаралық комиссия "1997/98 жылғы егіннің астығын сатып алуды ұйымдастырудың тәртібін" әзірлеп, бекітсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |