|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі) (2005.15.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 316, 317, 318, 319, 320, 321, 322 (құпия), 323, 324, 325, 326, 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333, 334, 335, 336, 337, 338-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы 1354 қаулысына 316-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Индустрия және сауда саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 1690800 мың теңге (бір миллиард алты жүз тоқсан миллион сегіз жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 cәуірдегі Бюджеттік кодексi, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 12-14-баптары, "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңының 5-1, 5-2-баптары, "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы, "Қарудың жекелеген түрлерiнiң айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңының 6, 17-1, 21, 23, 24, 28-баптары, "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 6, 14, 16-баптары, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3 , 8 , 21-25-баптары, "Өлшем бірлiктерiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18, 23, 28-баптары, "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегі Заңының 32-бабы, "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 8 , 21-бабы, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы, "2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың қызметiн жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 маусымдағы № 427 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығы, "2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялдық-инновациялық даму стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы, "Санаттар бойынша әкiмшiлiк мемлекеттік қызметкерлердiң қызмет тiзiмiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн мемлекеттік бюджет және смета (бюджет) есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының жұмыс органдарының еңбек төлемiнiң бірiңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы, "Қару-жарақ, әскери техника, сондай-ақ олардың өндiрiсiмен байланысты шикiзаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге экспорттық бақылау жасаудың автоматтандырылған жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 қаңтардағы № 120 қаулысы, "Қару-жарақ, әскери техника, сондай-ақ олардың өндiрiс пен байланысты шикiзаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге экспорттық бақылау жасаудың автоматтандырылған жүйесiн енгізу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 19 тамыздағы № 1025 қаулысы, "Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысы, "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысы, "Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңiстiгiнiң және оны дамыту шараларының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi № 715 қаулысы; "Өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу жөніндегі қызметтi лицензиялау кезіндегі біліктiлiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 маусымдағы № 867 қаулысы, "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер тiзiмiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1282 қаулысы, "Қарудың жекелеген түрлерiнiң айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысы, "Мемлекеттік қызметшiлердi оқытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы, "Қазақстан Республикасы өнiмiнiң сәйкестiгiн бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787 қаулысы, "Сапа саласындағы конкурстар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 желтоқсандағы № 1826 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 қарашадағы № 1532 қаулысы, "Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiгiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысы, "Мемлекеттік органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметiн тексерудi өткізудiң Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі орталық аппараты мен аумақтық органдарының өздерiне жүктелген функцияларын барынша тиiмдi орындау үшiн қызметiн қамтамасыз ету. Қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес өз қызметтiк мiндетiн тиiмдi орындау үшiн кәсiби қызмет саласындағы құрылымының бағдарламалар бойынша кәсiби және тәжiрибелiк білімдерiн, біліктiлiгi мен дағдыларын жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық және аумақтық бөлiмшелерiнiң аппараттарын ұстау, активтер сатып алу. Ресей Федерациясының сыртқы сауда саласында Қазақстан Республикасының мүдделерiн таныту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен шетел елдерiнiң арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың дамуына жәрдемдесу. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кiруi процесiн қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби біліктiлiктерiн жоғарылату. ҚР Үкіметінің 2005.06.05. № 438 ; 2005.25.05. № 509 ; 2005.22.10. № 1062 қаулыларымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |