Өз өндiрiсiнiң қосылған құны жоғары тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 326 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 140-7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған өз өндiрiсiнiң қосылған құны жоғары тауарлардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi және ресми түрде жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
?кіметінiң
2005 жылғы 11 сәуірдегі
№ 326 қаулысымен
бекітілген
Өз өндiрiсiнiң қосылған құны жоғары
тауарлардың тiзбесi
Р/с № | Атауы | Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жiктеуішiнiң кодтары |
1 | 2 | 3 |
1. | Фармацевтикалық препараттар | 24.42.1 |
2. | Өзге де фармацевтикалық препараттар | 24.42.2 (24.42.25- тен басқа) |
3. | Компьютер жабдығы* | 30.02.1-ден (30.02.19-дан басқа) |
4. | Қуаты 37,5 Вт-тан аспайтын электр қозғалтқыштар; тұрақты токты өзге де электр қозғалтқыштар; тұрақты токты генераторлар | 31.10.1 |
5. | Қуаты 37,5 Вт-тан жоғары ауыспалы және тұрақты токты әмбебап электр қозғалтқыштар; ауыспалы токты өзге де электр қозғалтқыштар; ауыспалы токты генераторлар (синхронды генераторлар) | 31.10.2 |
6. | Электргенераторлық қондырғылар және айналмалы электрлi өзгерткiштер | 31.10.3 |
7. | Радио-, телетаратушы аппаратура; теледидар камералары | 32.20.1 |
8. | Сымды телефонға немесе телеграфты байланысқа арналған электр аппаратурасы | 32.20.2 |
9. | Теледидар қабылдағыштар | 32.30.2 |
10. | Дыбыс пен бейненi жазуға және шығаруға арналған аппаратура | 32.30.3 |
11. | Медициналық және хирургиялық жабдық пен ортопедиялық керек-жарақтар* | 33.10.1-ден (33.10.15-тен басқа) |
12. | Сұйық кристалды қондырғылар; лазерлер (лазерлi диодтардан басқа); басқа топтамаларға енгізiлмеген, өзге де оптикалық құралдар мен аппараттар* | 33.40.2-ден |
13. | Он немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған автомобильдер | 34.10.3 |
14. | Жүк автомобильдерi | 34.10.4 |
15. | Арнайы және мамандандырылған автомобильдер | 34.10.5 |
16. | Жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға арналған кемелер және өзге де жүзу құралдары | 35.11.2 |
17. | Кәсiпшiлiк, техникалық және қосалқы кемелер | 35.11.3 |
18. | Ұңғымаларды бұрғылауға немесе пайдалануға арналған жүзбелi және сүңгімелi теңiз платформалары | 35.11.4 |
* - қызмет түрлерi Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жiктеуiшіне (ЭҚТӨЖ) сәйкес өнiмнiң кодымен де, атауымен де айқындалады.