Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Орман және аңшылық Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Батыс Тянь-Шань тау жүйесi Қаратау жотасының бiрегей табиғи кешендерiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын. 2. Қосымшаға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласының аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы 196 гектар жер учаскелерi, сондай-ақ жалпы алаңы 34104 гектар қордағы жерлер жер санатынан алынсын және олар тұрақты жер пайдалану құқығымен Мекемеге берілсін. Көрсетілген жер учаскелерi ауыл шаруашылығы мақсатындағы және қордағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi санатына көшiрiлсін, ал осы аумақта орналасқан ормандар "мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын. 3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бiрлесіп, белгiленген тәртiппен Мекеме жерлерінiң жергілiктi шекарасын белгiлесiн. 4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкімі күзет аймағының шегінде бұл аумақтардың экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала отырып, Мекеме жерлерінiң төңiрегiнде күзет аймағын белгілесін. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігiнің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен: 1) Мекеме туралы ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетiн сомалар есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсін. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсін: 1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде: "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлiмде: "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы 32" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" 43"; 2) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 42, 423-құжат): көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi: мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын: "26-1. "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi". 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы № 249 қаулысына қосымша Оңтүстік Қазақстан облысы Түркiстан қаласының аумағында құрылатын Қаратау мемлекеттік табиғи қорығына тұрақты жер пайдалануға берiлетiн жер учаскелерiнiң Экспликациясы
|