|
|
|
“Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi № 949 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi № 949 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 34, 455-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: 2-1, 2-2, 2-3-тармақтар алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесiнде: барлық мәтiн бойынша: "мақсатты" деген сөздiң алдынан "ағымдағы" деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақтың 3) тармақшасында: "қалалық" деген сөзден кейiн "(аудандық)" деген сөзбен толықтырылсын; "(Астана және Алматы қалаларындағы аудандық)" деген сөздер алынып тасталсын; 3, 5 және 8-тармақтарда "қалалық", "Қалалық" деген сөздерден кейiн "(аудандық)" деген сөзбен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |