Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен
салықтарының төленуiн мiндетті түрде қамтамасыз ете отырып,
өткiзiлетін тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 4 маусымдағы № 524 қаулысы
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 74-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiн мiндеттi түрде қамтамасыз ете отырып, өткiзiлетiн тауарлардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2003 жылғы 4 маусымдағы
№ 524 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен
салықтарының төленуiн мiндеттi түрде қамтамасыз ете отырып,
өткiзiлетiн тауарлардың тiзбесi
Р/с N | Тауардың атауы | СЭҚ ТН коды |
1 | Уытты сыра | 220300 |
2 | Күшейтiлгендерiн қоса алғанда, табиғи жүзiм шарабы, 2009 тауарлық позицияда көрсетiлгеннен басқа жүзiм ашытқысы | 2204 |
3 | Вермуттар және өсiмдiктен жасалған немесе хош иiстi сiрiндiлер қосылған өзге де табиғи жүзiм шараптары | 2205 |
4 | Өзге де ашытылқан сусындар (алма сидрi, перри (алмұрт сидрi), бал сусыны), басқа жерде аталмаған ашытылған сусындардан жасалған қоспалар және ашытылған сусындар мен алкогольсiз сусындардың қоспалары | 220600 |
5 | 80 oб % кем емес спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi, этиль спиртi және өзге де денатуратталған, кез келген концентрациядағы спирттeр | 2207 |
6 | 80 об % кем емес спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi, спирт тұнбалар, ликерлар және өзге де спирт сусындары | 2208 |
7 | Сигарлар, ұштары кесiлген сигарлар, сигарилалар (жiңiшке сигарлар) және 240290000 қоспағанда, темекiден немесе оны ауыстырғыштардан жасалған сигареттер | 2402 |
8 | Құрамында кез келген пропорциядағы емекi ауыстырғыштары бар немесе жоқ, шегетiн темекi | 240310 |