|
|
|
“Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 қыркүйектегі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Республикалық "Жетi Жарғы" заң әдебиетi баспасының, апталық заң газетiнiң қызметiн жетілдіру туралы және республикалық ғылыми-көпшiлiк журналын шығару туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 қыркүйектегi № 1276 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 31, 383-құжат): 1 және 2-тармақтар алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1403 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 желтоқсандағы № 1348 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 49, 457-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердің 2-тармағы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |