|
|
|
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңын (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында: 1. Қоса берiлiп отырған Заңды iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп, тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне енгізсін.
Премьер-Министрінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 113-ө өкімімен бекiтілген
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердiң тiзбесi
Ескерту: реттік нөмiрi 1-жолды iске асыру материалдық қорлармен жабдықтаудың барлық нормалары және санаттары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жекелеген қаулыларын бекіту жолымен жүзеге асырылатын болады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы: IIМ - Ішкi iстер министрлiгі Қорғанысминi - Қорғаныс министрлігі ККМ - Көлiк және коммуникация министрлігі ТЖМ - Төтенше жағдайлар министрлігі ҰҚК - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi РҰ - Республикалық ұлан ПКҚ - Президенттің күзет қызметі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |