Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 372 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже; 2) Комитеттің құрылымы; 3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. 2. Комитеттің төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етілсiн. 3. Мыналардың: 1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1268 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 430-құжат) 2-тармағы 1) және 1-1) тармақшаларының; 2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік Мекемелерiн қайта атау, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 695 (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 25, 328-құжат) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 15-тармағының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкiметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1115 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде банкроттық рәсiмдердi жүргiзу саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ведомствосы болып табылады. Комитеттің өзiне берiлген өкілеттiктер шегінде дәрменсiз борышкердiң банкроттық рәсiмдерiнiң (банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс тарату рәсiмiнiң жүргізуiн бақылауды жүзеге асыру негiзгi мiндетi болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексiнде, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттің, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар. 4. Комитеттiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 5. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Абай көшесi, 48. 6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесi. 7. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 8. Комитетті ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 9. Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттiң функциялары және құқықтары 10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функцияларды: лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес банкроттық рәсiмдерде төлем қабілетi жоқ борышкерлердің мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия берудi; борышкерге оңалту рәсiмдерiн қолдануға келісім беруді; оңалту және конкурстық басқарушыларды тағайындауды; кредит берушiлер комитетiнiң құрамын қалыптастырады оның алғашқы отырысын шақыруды; дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн; конкурстық iс жүргiзу кезiнде кредит берушілер комитетiнiң құрамын бекiтудi; кредит берушілер талаптарының тізiлімін бекiтудi; кредит берушiлер мен оңалту (конкурстық) басқарушылары арасындағы кредит берушілер талаптарының тізілімiне енгізу туралы келiспеушіліктердi қарауды; конкурстық iс жүргiзу мерзiмдерiн ұзартуды; конкурстық массаны сату жоспарын қарауды; оңалту және конкурстық басқарушылардың iс-әрекеттерiне шағымдарды қарауды; жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды; төлеуге қабiлетті және дәрменсiз ұйымдардың мониторингiн жүргізедi және олардың тiзiлiмiн жүргiзудi; 2) бақылау және қадағалау функцияларын: дәрменсiз борышкердiң банкроттық рәсiмдерінде және оны соттан тыс тарату рәсiмiнде таратылатын банктердiң және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының төрағаларын қоспағанда, оңалту және конкурстық басқарушылар қызметiн бақылауды; кредит берушілер комитетiнiң оңалту және конкурстық басқарушылармен жасасатын келісімнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн қарайды; оңалту басқарушысының оңалту рәсімін жүргiзу барысы туралы есептерiн қарайды (жасалған мәмілелер, активтер және кредиторлық берешек туралы ақпаратты талап етедi); оңалту рәсiмдерiн жүргiзу нәтижелерi бойынша қорытынды дайындайды және бередi; банкроттық рәсімдерді жүргiзу кезiнде оңалту және конкурстық басқарушыларды заңнама талаптарын бұзған жағдайда шеттету туралы шешiм қабылдайды; конкурстық сауда-саттықта борышкердiң конкурстық массасын сату кезiнде жариялылықтың, бәсекелестiктiң сақталуын бақылауды; жалған және қасақана банкроттық белгiлерiн анықтайды; "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезiнде жасалған мәмілелердi анықтау жөнінде шаралар қабылдауды жүзеге асырады. бұйрықтар шығаруға; оңалту және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсiмдердi жүргізу кезiнде заңнама талаптарын сақтауына тексеру жүргізуге; мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға; орталық және жергілікті атқарушы органдарға олар қабылдаған банкроттық мәселелер бойынша заңнаманы бұзатын кесiмдердiң күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге; талап-арызбен сотқа жүгiнуге, сондай-ақ олардың қаралуына қатысуға; банкроттық рәсiмдердi жүргiзу мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар әзiрлеуге; сауықтыруға қатысушыдан растайтын құжаттар талап етуге; мемлекеттің қатысу үлесi бар ұйымдарды қаржылық-экономикалық сауықтыру жөніндегi ұсыныстарды әзiрлеуге құқығы бар. 12. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерімінде көрсетiлетiн өзге де мүліктен құралады. 13. Комитеттің мүлкi республикалық меншiкке жатады. 14. Комитеттiң өзiне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру 15. Комитеттi төраға басқарады. Комитеттiң төрағасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Комитет төрағасының санын Үкiмет белгілейтiн орынбасарлары болады. Орынбасарларды Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 16. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, әрі Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілікте болады. өзінің орынбасарлары мен Комитеттің аумақтық органдары, құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының міндеттерi мен өкiлеттіктерін айқындайды; заңнамаға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бекiтетiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесi органдарының қызметкерлерi лауазымдарының номенклатурасына сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Қазақстан Республикасы Қаржы министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн құрылым мен штат санының лимитi шегiнде штат кестесiн бекiтеді; заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады; бұйрықтарға қол қояды; Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi; мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қатынастарда Комитетті білдiредi; Комитет атынан келісімдер, шарттар және өзге де мәмілелер жасасады; заңнамаға сәйкес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға Комитет атынан талаптар және талап-арыз ұсыну туралы шешімдер қабылдайды. 18. Комитет қабылдайтын шешімдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделеді. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. ?кіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетiнiң құрылымы Басшылық Ұйымдастыру жұмысы басқармасы Оңалту рәсiмдерi және мониторинг басқармасы Банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiн бақылау басқармасы Заң басқармасы ?кіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі Қаржылық берешектермен жұмыс жабық акционерлік қоғамы жөніндегі орталық |