|
|
|
“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту жөнiндегі жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 1-тармақта: Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестiру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Тiлеубердин - Қазақстан Республикасының Премьер-
Сәрсембаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Жуат - Қазақстан Республикасы Президентінің
Дауылбаев - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Көмекбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Сақалов - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Жоламан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Iзмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Кесiкбаев - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Әбдiқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Амангелдиев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Әмiрин - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Білім және
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Зверьков - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Төртаев - Қазақстан Республикасы Статистика
Нефедов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Бөкенов - Алматы қаласы әкімінiң бiрiншi орынбасары
Долженков - Алматы облысы әкімінiң бiрiншi орынбасары
Савченко - Жамбыл облысы әкімінiң бiрiншi орынбасары
Әбдiбеков - Ақтөбе облысы әкімінiң орынбасары
Бочин - Павлодар облысы әкімінiң орынбасары
Бортник - Маңғыстау облысы әкімінiң орынбасары
Ыдырысов - Қызылорда облысы әкімінiң орынбасары
Качало - Батыс Қазақстан облысы әкімінiң
Төлебаев - Астана қаласы әкімінiң орынбасары
Тоғжанов - Қарағанды облысы әкімінiң орынбасары
Тұрғымбеков - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
Политкин - Ақмола облысының әкімі аппаратының
Нақпаев - Атырау облысының әкімі аппаратының
Мұрзалин - Солтүстiк Қазақстан облысының әкімі
Ко - Шығыс Қазақстан облысы әкімінiң аппараты
Бишiғаев - "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының
Молдағалиев - "Қазпочта" акционерлік қоғамының
Баишева - "Цеснабанк" акционерлік қоғамының
Өскенбаева - "Каспий банкi" акционерлік қоғамының
Шамұратов - "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамының
мына:
"Бектасов - "Қазақтелеком" ашық акционерлік деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бектасов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру мына:
"Жақыпов - Қазақстан Республикасының Президентi деген жолда "Кеңсесiнiң" деген сөз алынып тасталсын; мына: "Исин - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық деген жолда "жабық" деген сөз алынып тасталсын; мына: "Щелконогов - Қазақстан Республикасының Президентi Iс деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Щелконогов - Қазақстан Республикасының Президентi Iс
көрсетiлген құрамнан Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы, Канешев Бiржан Бисекенұлы, Жандосов Ораз Әлиұлы, Келiмбетов Қайрат Нематұлы, Маханбетәжиев Батыр Әпенұлы, Шалахметов Ғадiлбек Минажұлы, Кәрентаев Ермек Амангелдіұлы, Нәлібаев Әбдiқалық Зәкiрұлы, Рябченко Олег Григорьевич, Ержанов Бақыт Ахметұлы, Молчанов Сергей Николаевич, Могильный Валерий Валентинович, Жақыпбеков Сембек Сәбетұлы, Кан Людмила Михайловна, Степанова Валентина Алексеевна, Құрманов Алмас Мұхаметкәрiмұлы, Дунаев Асқар Ғалиасқарұлы шығарылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегі жұмыстарды үйлестiру жөніндегі комиссия туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестiру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығын іске асыру мақсатында құрылады"; екiншi абзацтағы "Бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру жөнiндегі жұмыс пен" деген сөздер "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" инфрақұрылымын қалыптастыру мен" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi абзацтағы "жоспарлары мен бағдарламаларын қарау және келiстiру" деген сөздер "жоспарлары мен бағдарламалары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға "ақпараттық қоғам" жағдайында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтiк құқықтық және әдiснамалық база жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу"; мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын: "мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерiн қалыптастыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу"; бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "деректердi электрондық беру мен алмасудың қазақстандық стандарттарын, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық индустрияның дамуын ынталандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу"; мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: "электрондық үкiмет" қызметтерiне қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету, "ақпараттық теңсiздiктi" жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім деңгейiн арттыру жөнiнде iс-шаралар әзiрлеу"; алтыншы абзацтағы "бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi" деген сөздер "ақпараттық қоғамды" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын: "электрондық үкiмет" инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру жөніндегі жұмысты үйлестiру"; жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Үкіметі үшiн "электрондық үкiмет" қалыптастырудың және "ақпараттық қоғамды" дамытудың проблемалары жөнiнде материалдар мен ұсынымдар дайындау"; оныншы абзацтағы "Бiртұтас ақпараттық кеңiстiк құрудың тұжырымдамасын iске асыру жөнiнде" деген сөздер "электрондық үкiмет" қалыптастыру, мемлекеттік мекемелердi ақпараттандыру мен "ақпараттық қоғам" дамыту жөнiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; он бiрiншi абзацтағы "мекемелермен келісім бойынша" деген сөздерден кейiн "ақпараттық қоғамды" қалыптастыру мен" деген сөздермен толықтырылсын, "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздер алынып тасталсын; он екiншi абзацтағы "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды" деген сөздер "электрондық үкiмет" деген сөздермен ауыстырылсын; он үшiншi абзацтағы "мемлекеттік мекемелерде" деген сөздерден кейiн "электрондық үкіметін" базалық құрамдас бөлiктерiн, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын; он бесiншi және он алтыншы абзацтар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар мен Комиссияға енгiзiлген өзге де ұйымдардан өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады; Қазақстан Республикасының Үкіметіне өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер шығару, оларды өзгерту немесе олардың күшiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; министрлiктерден, ведомстволардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан, ғылыми және зерттеу мекемелерiнен сараптамалар жүргiзу мен консультациялар үшiн келісім бойынша тиiстi бейіндегі мамандарды тартады және қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастырады; "электрондық үкiмет" қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелердi ақпараттандыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу үшiн бюджет қаражатын, директивалық кредиттердi және басқа да мемлекеттік қаржыландыру көздерiн (оның iшiнде қарыздар) пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгізедi"; "Комиссияның құқығы" деген бөлiмше алынып тасталсын; 5-тармақтағы "үш" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын; 9-тармақтағы "мәжілістерiн" деген сөзден кейiн "мәжілістiң бекітілген жоспарына сәйкес және" деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "12. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне жүктелсiн". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |