Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы
ҚР Үкіметінің 2005.01.06. № 548 қаулысымен ҚР Парламентi Мәжілісiнің қарауына енгiзiлді
Осы Заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды peттейді, азаматтар мен медицина қызметкерлерiнің құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) анатомиялық сый - ағзалар мен тiндер беру; 2) биологиялық өлiм - организмнің өмiрлік маңызды функцияларының қайтымсыз сөнiп, тіршілігінiң тоқтауы; 3) донор - донорлық қан, оның құрамдас бөлiктерi, өзге де донорлық материал (ұрық, ұрық клеткасы) алу, сондай-ақ қабылдаушыға ауыстырып қондыру жүргiзу үшiн тiндер мен (немесе) ағзалар (ағзаның бөлiктерi) алынатын адам, адамның мәйiтi, жануар; 4) диагностиканың инвазивтік әдiстерi - адам ағзасының iшкi ортасына ену жолымен iске асырылатын зерттеу әдiстерiнiң көмегімен ауруды айқындау әдiстерi; 5) консилиум - кемiнде үш дәрiгердiң қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын және ауру болжамын анықтау мақсатында ауруды зерттеу; 6) медициналық есеп - алдын алу мақсатында, ауыруына, жүктілігіне және өмiр мен денсаулыққа қатысты басқа да жағдайларына байланысты медицина қызметкерiне келушілердi денсаулық сақтау ұйымында тiркеу; 7) сектораралық өзара қарым-қатынас - халықтың денсаулығын сақтауға және медициналық қызметтердiң жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң үйлестірiлген бiрлескен жұмысы; 8) реципиент - донорлық қан немесе оның құрамдас бөлiктерi құйылатын, ер немесе әйел адамның донорлық материалы (ұрығы немесе ұрық клеткасы) не донордан ағза (ағзаның бөлiктерi) немесе тiндер ауыстырылып қондырылатын емделушi; 9) тін сәйкестігi - органикалық тiндердiң басқа организмнiң тіндерiне көндiгуiне ықпал ететiн биохимиялық қасиеттерi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|