Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005.03.06. № 557 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келісімнiң күшiне енуiне арналған шарттарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 6-тармақта: "министрлігінiң жанындағы Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасын жүзеге асыру жөніндегі Топқа" деген сөздер "министрлігіне" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: "9. Облыстардың әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен жердi суландыру және дренаж жүйелерiн қайта құруға салынған инвестициялық шығындардың үлесiн республикалық бюджетке қайтару жөніндегі iшкi несие келісімiн жасасу ұсынылсын"; көрсетiлген қаулыға 1-қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 4-тармақта: бiрiншi абзацта: "министрлігінiң жанындағы Жобаны жүзеге асыру тобы" деген сөздер "министрлігі" деген сөзбен ауыстырылсын; 10-тармақта: "қаражаттың" деген сөз "Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi займы мен бiрлесiп қаржыландыру қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын және "мөлшерiнде" деген сөзден кейiн "қосымша құн салығы есепке алынбай" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы № 112 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына 1 қосымша "Жерді суландыру және дренаж жүйелерін жетілдіру" жобасын іске асыруға арналған ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің құрамы Есімов - Қазақстан Республикасының Ахметжан Смағұлұлы Ауыл шаруашылығы министрі, төраға Кеңес мүшелері: Андрющенко - Қазақстан Республикасының Александр Иванович Экономика және сауда вице-министрі Дунаев - Қазақстан Республикасының Арман Ғалиасқарұлы Қаржы вице-министрі Мусина - Қазақстан Республикасының Лилия Сәкенқызы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрпейісов - Қазақстан Республикасының Қайрат Айтмұханбетұлы Мемлекеттік кіріс вице-министрі Рамазанов - Қазақстан Республикасының Аманбек Мырзахметұлы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы |