|
|
|
“Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 маусымдағы № 728 және Қазақстан
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн: 1) "Қазақстан Республикасының Халықаралық Архивтер кеңесiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 маусымдағы № 728 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 27, 300-құжат): 1-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасына" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасының" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртібінде: 7-тармақтағы "қоғамдық келісім" деген сөздер "спорт" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |