Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 681 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 617 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
Озон қабатын бұзатын заттар бойынша 1987 жылғы 16 қыркүйектегi Монреаль хаттамасын орындау үшiн және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Кеден кодексiнiң 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 29, 284-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларда:
мынадай мазмұндағы «3-1, 3-2» тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Озонды бұзатын заттар
P/c N | Тауардың атауы | Тобы | Зат | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды |
1. | Трихлорфторметан | CFCL3 | (ХФУ-11) | 2903410000 |
2. | Дихлордифторметан | CF2CL2 | (ХФУ-12) | 2903420000 |
3. | Трихлортрифторэтандар | C2F3CL3 | (ХФУ-113) | 2903430000 |
4. | Дихлортетрафторэтан | C2F4CL2 | (ХФУ-114) | 2903441000 |
5. | Хлорпентафторэтан | C2F5CL | (ХФУ-115) | 2903449000 |
6. | Бромхлордифторметан | СҒ2BrCL | (Галон 1211) | 2903461000 |
7. | Бромтрифторметан | CF3Br | (Галон 1301) | 2903462000 |
8. | Дибромтетрафторэтандар | C2F4Br2 | (Галон 2402) | 2903469000 |
9. | Хлортрифторметан | CF3CL | (ХФУ-13) | 2903451000 |
10. | Пентахлорфторэтан | C2FCL5 | (ХФУ-111) | 2903451500 |
11. | Тетрахлордифторэтан | C2F2CL4 | (ХФУ-112) | 2903452000 |
12. | Гептахлорфторпропан | C3FCL7 | (ХФУ-211) | 2903452500 |
13. | Гексахлордифторпропан | C3F2CL6 | (ХФУ-212) | 2903453000 |
14. | Пентахлортрифторпропан | C3F3CL5 | (ХФУ-213) | 2903453500 |
15. | Тетрахлортетрафторпропан | C3F4CL4 | (ХФУ-214) | 2903454000 |
16. | Трихлорпентафторпропан | C3F5CL3 | (ХФУ-215) | 2903454500 |
17. | Дихлоргексафторпропан | C3F6CL2 | (ХФУ-216) | 2903455000 |
18. | Хлоргептафторпропан | C3F7CL | (ХФУ-217) | 2903455500 |
19. | Төртхлорлы көмiрсутегi | CCL4 | (ТХК) | 2903140000 |
20. | Метил хлороформ (1,1,1-трихлорэтан) | C2H3CL3 | (МХФ) | 2903191000 |
21. | Бромметан (метилбромид) | CН3Br | | 2903303300 |
3-2. Тауарлар, егер оларда 3-1-тармақта санамаланған озонды
бұзатын затта болса,
P/c N | Тауардың атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды |
22. | Жеңiл және жүк автомобильдерiне арналған кондиционерлер (олардың автомобильдерде орнатылғанына немесе орнатылмағанына қарамастан) | 8415200000 |
23. | Тоңазытқыштар, мұздатқыштар мен өзге де тоңазытатын немесе мұздататын электрлi немесе басқа да үлгідегi жабдық; 8415 тауар позициясының ауаны баптауға арналған қондырғыларынан басқа, жылу сорғылары | 8418-ден |
24. | Мұздатқыш камералар | 841830, 841840, 841850, 841861, 841869-дан |
25. | Ауа құрғатқыштар | 8479891000, 8479899800 |
26. | Сумен салқындататын құрылғылар | 8419-дан |
27. | Мұзды генераторлар | 8418-ден |
28. | Кондиционерлер мен жылу сорғылары | 8415, 841861, 841869-дан |
29. | Озонды бұзатын заттары бар аэрозольдi өнiмдер (медициналық аэрозольдердi қоспағанда) | 3208, 3209, 321000, 321290, 330300, 3304300000, 3305, 3306, 3307 (3307410000-ден басқа), 3808, 380910, 381400, 3402, 3403, 3405-тен |
30. | Көшпелi өрт сөндiргiштер | 842410-нан |
31. | Оқшаулағыш қалқандар, панельдер және озонды бұзатын заттары бар көбiктендiрушi ретiнде саңылау құраушылар пайдаланылатын құбырлар жабындысы | 3925, 3926-дан |
32. | Фторполимерлер (озонды бұзатын заттары бар саңылау құраушылармен көбiктенген полистирольдар мен полиуретандар) | 390950, 3903110000 |
Ескерту:
Осы тармақта көрсетiлген тауарлар адамдардың қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдарын не олардың қайта өңделген өнiмдерiн Қазақстан Республикасының Кеден кодексiнде белгiленген тәртiппен кедендiк режимдер шарттарына сәйкес керi әкелу туралы міндеттемелерiн орындау үшiн әкелiнуi мүмкiн».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |