|
|
|
“Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрi Бірғаным Сарықызы (ҚР Премьер-Министрінің 2005.24.06. № 172-ө Өкімімен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Премьер-Министрінің 2005.24.06. № 172-ө Өкімімен тақырыбы өзгертілді
"Болашақ" бағдарламасын iске асыру жөнiнде Италия Республикасы, Германия Федеративтiк Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi және Франция Республикасы білім министрлерiмен серіктестік қарым-қатынас орнату және 3000 қазақстан азаматын шетелдiң алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында оқыту мақсатында: ҚР Премьер-Министрінің 2005.24.06. № 172-ө Өкімімен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрi Бірғаным Сарықызы Әйтiмова 2005 жылғы 20 сәуір - 3 мамыр кезеңiне Италия Республикасына, Германия Федеративтiк Республикасына, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiне, Франция Республикасына және Польша Республикасына iссапарға жiберiлсiн. ҚР Премьер-Министрінің 2005.24.06. № 172-ө Өкімімен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Бірғаным Сарықызы Әйтiмоваға қонақ үйде тұруға, тәулiктiк және Самара - Мәскеу - Рим - Берлин - Лондон - Париж - Майндағы Франкфурт - Варшава - Майндағы Франкфурт - Алматы бағыты бойынша көлiктiк шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдiк iссапарлар" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен валюта айырбастаудың берiлетiн күнгi нарықтық бағамы бойынша белгiленген тәртіппен шетелдiк валютада қаражат бөлсiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |