Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. Үкіметінің 06.09.02 ж. № 981 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 5 наурыздағы № 206 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 7, 57-құжат): 1) 1-тармақтың 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын; 2) 2-тармақтағы ", оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министр, сондай-ақ 15 адамнан тұратын алқа" деген сөздер алынып тасталсын; 3) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде - ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, республиканың су және жер ресурстарын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын басқару саласында, сондай-ақ геодезия мен картография, мал дәрiгерлiгі, фитосанитария, асыл тұқымды мал өсiру, мемлекеттік астық ресурстарын сақтау мен сату саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады: Өсiмдiктер карантинi жөнiндегі комитетi, Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі комитетi, Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетi, Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi, Су ресурстары жөніндегі комитетi, Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi."; 3-тармақтың бiрiншi абзацы "заңды тұлға" деген сөздердiң алдынан "мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы" деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақта "бұйрық түрiнде актiлер" деген сөздер "бұйрықтар" деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi."; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: "6-1. Министрлiктiң толық атауы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" мемлекеттік мекемесi; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады."; 18-тармақтың 5) тармақшасы "Министрлiктiң" деген сөздiң алдынан "Министрлiктiң құрылымын," деген сөздермен толықтырылсын; 20-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын. "20. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi". 3. Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1119 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 8, 63-құжат): 1) 1-тармақтың үшiншi абзацының күшi жойылды деп танылсын; 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. ҚР Үкіметінің 25.03.99 ж. № 1817 қаулысымен 5-тармақ күшін жойды 6. ҚР Үкіметінің 20.01.01 ж. № 87 қаулысымен күшін жойды 7. ҚР Үкіметінің 31.12.04 ж. № 1460 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 8. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 11, 100-құжат): 1) 2-тармақтағы "сондай-ақ 11 адам санында алқасы" деген сөздер алынып тасталсын; 2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлігі туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі (бұдан әрi Министрлiк) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жүйесiне басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын, құқық қорғау қызметi саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеуге қатысатын және iске асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомствосы болады - Қылмыстық-атқарушы жүйесi комитетi"; 3-тармақтың бiрiншi абзацындағы заңды тұлға" деген сөздердiң алдынан "мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы" деген сөздермен толықтырылсын. 4-тармақтағы "бұйрық түрiнде актiлер" деген сөздер "бұйрықтар" деген сөзбен ауыстырылсын. 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi"; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлігі" мемлекеттік мекемесi."; 8-тармақтың бiрiншi абзацы алынып тасталсын; 19-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) Министрлiктiң құрылымын бекiтедi;"; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "20. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi.". 9. ҚР Үкіметінің 12.11.99 ж. № 1693 қаулысымен күші жойылды 10. Үкіметінің 19.11.99 ж. № 1754 қаулысымен 10-тармақ күшін жойды 11. ҚР Үкіметінің 20.11.99 ж. № 1756 қаулысымен күшін жойды 12. ҚР Үкіметінің 20.07.01 ж. № 983 қаулысымен күшін жойды 13. ҚР Үкіметінің 21.10.99 ж. № 1578 қаулысымен күші жойылды 14. ҚР Үкіметінің 17.06.02 ж. № 662 қаулысымен күші жойылды 15. ҚР Үкіметінің 24.12.99 ж. № 1969 қаулысымен күші жойылды 16. ҚР Үкіметінің 15.11.99 ж. № 1713 қаулысымен күші жойылды 17. ҚР Үкіметінің 27.08.99 ж. № 1266 қаулысымен күші жойылды 18. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 481 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 15, 154-құжат). 1) 1-тармақтың 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын; 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1112 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1112 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 19. ҚР Үкіметінің 27.08.99 ж. № 1266 қаулысымен күші жойылды 20. ҚР Үкіметінің 27.08.99 ж. № 1266 қаулысымен күші жойылды 21. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 22. ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 23. Үкіметінің 23.11.99 ж. № 1776 қаулысымен күшін жойды 24. Үкіметінің 02.03.00 ж. № 347 қаулысымен күшін жойды 25. ҚР Үкіметінің 19.12.99 ж. № 1755 қаулысымен күшін жойды 26. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 27. ҚР Үкіметінің 03.12.99 ж. № 1852 қаулысымен күшін жойды 28. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Орта және кәсiптiк білім комитетінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 мамырдағы № 557 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 190-құжат): аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлiгінiң Орта және кәсiптiк білім комитеті туралы ережеде: 1-тармақтағы "дербес", Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.". 29. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Сырттан қарыз алу жөнiндегі комитетiнiң мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 мамырдағы № 574 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 19, 201-құжат): аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сырттан қарыз алу жөніндегі комитеті туралы ережеде: 6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "473000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 60". |