Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 1998 ж. 10 тамыздағы № 172 Бекітілген
Шағын өлшемді кемені жүргізу құқығына кеме (2005.24.06. берілген өзгерістерімен)
ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005.24.06. № 220-І Бұйрығымен нұсқаулықтың мәтіні өзгертілді
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне басшылық құжат болып табылады және шағын өлшемді кемені жүргізу құқығына емтихандарды қабылдау және куәліктер беру тәртібін анықтайды. 1.2. Емтихандарды қабылдау Комитеттің аумақтық органдарының емтихандық комиссияларымен жүргізіледі. Комиссия өз жұмысында Көліккоммині бұйрығымен және осы Нұсқаулықпен бекітілген Комитеттің қадағалауындағы кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) тіркеу, есепке алу және техникалық қадағалау және кеме жүргізушілерді осы кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау Ережелерін басшылық етеді. 1.3. Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына емтихандарды қабылдау шағын өлшемді кемелерді жүргізушілерді әзірлеу бойынша оқулық бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. 1.4. Емтихан тапсырған тұлғаларға шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік және оған ескертулер талоны беріледі. 2. Емтихандық комиссияларды ұйымдастыру
2.1. Әрбір облыс үшін емтихандық комиссияның құрамы және олардың жұмыс тәртібі Комитеттің аумақтық органы бастығының бұйрығымен анықталады. Комитеттің аумақтық органдары бастығының орынбасарлары комиссиялардың төрағалары тағайындалады. Комитеттің аумақтық органдары бастығының орынбасарлары комиссиясының құрамы комиссияның әрбір мәжілісі емтихан алушылармен қамтамасыз етілетіндей жинақталуы тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|