Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 681 қаулысына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдерге орналастырған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 10 шiлдедегі № 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 29, 284-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1. Кедендiк аумақта тауарларды қайта өңдеудiң, көлiктiң жекелеген түрлерiмен тасымалданатын тауарлардың экспорты мен кейiннен темір жол көлігіне тиелетiн, су көлiгiмен тасымалданатын тауарлардың керi экспортын қоспағанда, тауарлардың керi экспортының кедендiк режимдерiне сәйкес қосымшаларға сай Қазақстан Республикасы өндiретiн ағаш материалдарын, кесiлген ағаш материалдарын және сүректен жасалған жекелеген бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |