Қоғамдық бірлестiктер туралы Қазақстан Республикасының (ҚР 23.03.00 ж. № 39-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 2005.23.02. № 33-III Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 8 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелерi (1 - 9 баптар) 2-тарау. Қоғамдық бірлестiктердi құру, қайта (10 - 18 баптар) ұйымдастыру, тарату 3-тарау. Қоғамдық бірлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi. (19 - 21 баптар) Қоғамдық бірлестiктiң меншiгi 4-тарау. Қоғамдық бірлестiктер туралы заңдарды (22 - 23 баптар) бұзғандық үшiн жауапкершiлiк 5-тарау. Қорытынды ережелер (24-бап) Бiрлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бірi болып табылады, оның iске асырылуы қоғам мүдделерiне сай келедi және мемлекеттің қорғауында болады. 1-бап. Осы Заңмен реттелетiн мәселелер Осы Заңмен реттелетiн мәселелер - Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығын iске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бірлестiктердiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар. 2-бап. Қоғамдық бірлестiк ұғымы Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бірлестiктерi қоғамдық бірлестiктер деп танылады. Қоғамдық бірлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. 3-бап. Қоғамдық бірлестiктер туралы заңдар Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн басқа да заң актілерінен тұрады. Осы Заңның күшi азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бірлестiктерге қолданылады, бұған дiни бірлестiктер, құрылу тәртібі мен қызметi өзге заң актілерімен белгiленетiн аумақтық өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кiрмейдi. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бірлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады, бұған дiни бірлестiктер кiрмейдi. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық актiде осы Заңда баяндалғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық актiнiң ережелерi қолданылады. Саяси партиялардың кәсiптiк одақтардың және басқа да жекелеген қоғамдық бірлестiктер түрлерiнiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер өзге заң актілерімен реттелуi мүмкiн. Аталған қоғамдық бірлестiктердiң өзге заң актілерімен реттелмеген қызметi осы Заңмен реттеледi. Коммерциялық емес ұйымдар туралы ҚР 2001 ж. 16 қаңтардағы № 142-II Заңын қараңыз 4-бап. Мемлекет және қоғамдық бірлестiктер Мемлекет қоғамдық бірлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. Қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына, мемлекеттің қоғамдық бірлестiктер iстерiне және қоғамдық бірлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестiктерге мемлекеттік органдардың мiндеттерiн жүктеуге және қоғамдық бірлестiктердi мемлекеттің қаржыландыруына жол берiлмейдi. Қоғамдық бірлестiктер мемлекеттік органдармен ынтымақтасуы және өзара iс-қимыл етуi, олармен келісімдер жасасуы мүмкiн, мемлекеттік органдармен шарттар бойынша олар үшiн заңдарда көзделген белгiлi бір жұмыстар орындауы мүмкiн. Қоғамдық бірлестiктер аппараттарының жалданып жұмыс iстейтiн қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда қоғамдық бірлестiктердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелердi қоғамдық бірлестiктермен келiсе отырып, мемлекеттік органдар шешуi мүмкiн. ҚР 2005.23.02. № 33-III Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 5-бап. Қоғамдық бірлестiктер қызметiнiң негiздерi Қоғамдық бірлестiктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтары мен бостандықтарын iске асыру мен қорғау, белсендiлiгi мен ынталылығын дамыту; кәсiби және әуесқойлық мүдделерiн қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау; қайырымдылық қызметке қатысу; мәдениет-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын жүргiзу; тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау; патриоттық және адамгершiлiк тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастық кеңейту және нығайту; Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi. Экстремистiк мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бірлестiктердi құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендiрілген құралымдарды құруға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы аумағында әскерилендiрiлген құрылымы, түрi, арнаулы айырым белгiлерi, гимндерi, жалаулары, вымпельдерi, iшкi тәртiп пен басқарудың ерекше ережелерi, қаруы, соның iшiнде қару iспеттес заттары бар әскерилендiрiлген құрамалар үлгiсіндегі қоғамдық бірлестiктер құруға тыйым салынады. Басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi. Азаматтардың денсаулығы мен адамгершiлік негiздерiне қастандық жасайтын қоғамдық бірлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ тiркелмеген қоғамдық бірлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi. 6-бап. Қоғамдық бірлестiктер құрудың және олардың қызметiнiң принциптерi Қоғамдық бірлестiктер заң алдында тең. Қоғамдық бірлестiктер қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заң актілері шеңберiнде жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) ерiктiлiгi, тең құқықтылығы, өзiн-өзi басқару, қызметiнiң заңдылығы, есептiлiгi мен жариялылығы негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi. Азаматтың қоғамдық бірлестiк қызметiне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшiн негiз бола алмайды. Ресми құжаттарда қоғамдық бірлестiкке мүшелiк (қатысу) туралы көрсетудi талап етуге жол берiлмейдi. 7-бап. Қоғамдық бірлестiктердiң мәртебесi Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергiлiктi қоғамдық бірлестiктер құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бірлестiктер республикалық қоғамдық бірлестiктерге жатады. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан азының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бірлестiктер аймақтық қоғамдық бірлестiктерге жатады. Жергiлiктi қоғамдық бірлестiктерге Қазақстан Республикасының бір облысы шегiнде жұмыс iстейтiн бірлестiктер жатады. Республикалық және аймақтық қоғамдық бірлестiктер өз мәртебесiн растау үшiн тiркелген күннен бастап бір жыл өткенге дейiн осы бірлестiктi тiркеген органға құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) аумақтық әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi. 8-бап. Қоғамдық бірлестiктер одақтары (қауымдастықтары) Белгiленген тәртiппен құрылған және тiркелген қоғамдық бірлестiктер, түрiне қарамастан, одақтар (қауымдастықтар) қабылдаған құрылтай шарттары мен жарғылары негiзiнде жаңа заңды тұлға жасай отырып, қоғамдық бірлестiктер одақтарын (қауымдастықтарын) құруға, сондай-ақ халықаралық одақтарға (қауымдастықтарға) қатысушы болуға құқылы. Қоғамдық бірлестiктер, соның iшiнде халықаралық бірлестiктер одақтарының (қауымдастықтарының) қызметi мен мемлекеттік тiркелу тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгiленедi. 9-бап. Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бірлестiктердiң Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметi Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бірлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) құрылып, жұмыс iстей алады. Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бірлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн болса, сол бірлестiктердiң жарғыларын басшылыққа алады. 2-тарау. Қоғамдық бірлестiктердi құру, қайта ұйымдастыру, тарату 10-бап. Қоғамдық бірлестiктi құру Қоғамдық бірлестiк Қазақстан Республикасы азаматтарының жарғы қабылданып, басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезiн (конференциясын, жиналысын) шақыратын, кемiнде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады. Қоғамдық бірлестiктердiң заңды тұлға ретіндегі құқық қабiлеттiлiгi ол Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiп бойынша тiркелген кезiнен бастап пайда болады. 11-бап. Қоғамдық бірлестiкке мүшелiк (қатысу) Қазақстан Республикасының азаматтары қоғамдық бірлестiктердiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Саяси партиялардан басқа қоғамдық бірлестiктердiң жарғыларымен оларға шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың мүшелiгi (қатысуы) көзделуi мүмкiн. Он алты жасқа толған азаматтар саяси партиялар жанындағы жастардың қоғамдық бірлестiктерiнiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Өзге де қоғамдық жастар және балалар бірлестiктерi мүшелерiнiң жас шамасы солардың жарғыларымен (ережелерiмен) белгiленедi. Мүшелiкке ие болу және одан айрылу ережелерi мен тәртібі қоғамдық бірлестiктердiң жарғыларымен белгiленедi. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi және судьялар партияларда, кәсiптiк одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап әрекет етпеуге тиiс. 12-бап. Қоғамдық бірлестiктiң жарғысы Қоғамдық бірлестiктiң жарғысында мыналар көзделуге тиiс: 1) қоғамдық бірлестiктiң атауы, қызметiнiң мәнi мен мақсаттары; 2) қоғамдық бірлестiкке мүшелiк (қатысу), мүшелiкке ие болу және одан айырылу ережесi мен тәртібі, мүшелерiнiң (қатысушылардың) құқықтары мен мiндеттерi; 3) қоғамдық бірлестiктiң ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлiмшелердiң (филиалдар мен өкiлдiктердiң) құқықтық жағдайы және шегiнде өз қызметiн жүзеге асыратын аумақ; 4) басшы органдарды құру тәртібі, олардың құзыретi мен өкiлеттiк мерзiмдерi, қоғамдық бірлестiктiң тұрақты жұмыс iстейтiн басшы органы орналасқан орын; 5) қоғамдық бірлестiктiң ақша қаражаты мен өзге де мүлкiнiң қалыптастырылу көздерi, қоғамдық бірлестiк пен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) мүлiктi басқару жөніндегі құқықтары; 6) қоғамдық бірлестiктiң жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі; 7) қоғамдық бірлестiктi қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі, қоғамдық бірлестiк таратылған жағдайда оның мүлкiнiң тағдыры. Жарғыда қоғамдық бірлестiктiң қызметiне қатысты, Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелердiң көзделуi мүмкiн. Жарғы қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қоғамдық бірлестiктiң жоғары органы - съездiң (конференцияның, жиналыстың) құзыретiне ғана жатады. ҚР 23.03.00 ж. № 39-II; 24.12.01 ж. № 276-II Заңдарымен 13-бап өзгертілді 13-бап. Қоғамдық бірлестiктi мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу Республикалық, аймақтық қоғамдық бірлестiктердi, шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бірлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) мемлекеттік тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүзеге асырады. Жергiлiктi қоғамдық бірлестiктердi, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттік тiркеудi аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестiктердi мемлекеттік тiркеу мен қайта тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүргiзiледi. Қоғамдық бірлестiктi тiркеу үшiн ол құрылған күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде тiркеушi органға өтiнiш берiледi. Өтiнiшке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) хаттамасы, бірлестiктi құру бастамашылары туралы мәлімет және қоғамдық бірлестіктің тұрған жерін, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеуден өткiзгенi үшiн алымның төленгенiн растайтын құжаттар қоса тiркеледi. Қоғамдық бірлестiктi тiркеу туралы өтiнiш беру үшiн белгiленiп, дәлелдi себептермен өткiзiп алынған мерзiмдi тiркеудi жүзеге асыратын орган қалпына келтiредi. Заңдарда көзделген реттерде қоғамдық бірлестiк қайта тiркелуге тиiс. Қоғамдық бірлестiктердi тiркеу және қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеуден өткiзгенi үшiн алым алынады. 14-бап. Қоғамдық бірлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу Қоғамдық бірлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) есептiк тiркелуге тиiс. Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бірлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүргiзедi. Қоғамдық бірлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу аумақтық әдiлет органдарында жүргiзiледi. Есептiк тiркеуден өту тәртібі мен мерзiмдерi заңды тұлғаларды тiркеу туралы заңдармен реттеледi. 15-бап. Мемлекеттік тiркеу мерзiміндегі үзiлiс Мемлекеттік тiркеу мерзiмiнде құрылтай құжаттарына сараптама жүргiзiлген, саяси партиялар мүшелерiнiң тiзiмдерi тексерiлген жағдайларда, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы заң актілерінде көрсетiлген негiздер бойынша үзiлiс жасалады. 16-бап. Мемлекеттік тiркеуден бас тарту Қоғамдық бірлестiктi, оның құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) тiркеуден бас тарту заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы заңдарға сәйкес жүргiзiледi. Тiркеуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн. 17-бап. Қоғамдық бірлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қоғамдық бірлестiктi қайта ұйымдастыру (қосу, бірiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру оның жарғысында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қоғамдық бірлестiк органының шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Қоғамдық бірлестiктi тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады. 18-бап. Қоғамдық бірлестiктiң рәмiздерi Қоғамдық бірлестiктердiң Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтiн өз рәмiздерi (жалауы, гимнi, белгiсi, вымпелдерi, значоктары) болады. Қоғамдық бірлестiктердiң Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердiң мемлекеттік рәмiздерiн өз рәмiздерi ретiнде пайдалануға құқығы жоқ. Қоғамдық бірлестiк рәмiздерiнiң сипаттамасы мен нобайлары жарғыда бекітіледi. 3-тарау. Қоғамдық бірлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi. Қоғамдық бірлестiктiң меншiгi 19-бап. Қоғамдық бірлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi Қоғамдық бірлестiктер жарғыда және Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өкiлеттiк шегiнде жұмыс iстейтiн басшы органдары арқылы құқықтарға ие болып, өздерiне мiндеттер алады. Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн қоғамдық бірлестiктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен: - өз қызметi туралы ақпарат таратуға; - соттар мен басқада мемлекеттік органдарда, өзге де қоғамдық бірлестiктерде өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға; - бұқаралық ақпарат құралдарын құруға; - жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткiзуге; - баспа қызметiн жүзеге асыруға; - халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бірлестiктерге кіруге; - Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы. Қоғамдық бірлестiк: - Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды сақтауға; - өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен және шешiмдермен олардың танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге; - ақша қаражатының келiп түсуi мен жұмсалуы туралы өз мүшелерiн хабардар етуге; - тұрақты жұмыс iстейтiн басшы орган орналасқан жердiң және бірыңғай мемлекеттік тiзбеге енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде басшылар туралы деректердiң өзгергенi туралы тiркеушi органға хабарлап отыруға мiндеттi. 20-бап. Қоғамдық бірлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметi Қоғамдық бірлестiктер жарғылық мақсаттарға қол жеткiзетiндей кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыра алады. Кәсiпкерлiк қызметтi қоғамдық бірлестiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын табысқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық салынуға тиiс. Қоғамдық бірлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын табысты қоғамдық бірлестiктердiң мүшелерi (қатысушылары) арасында қайта бөлуге болмайды және ол жарғылық мақсаттарға жету үшiн пайдаланылуға тиiс. Қоғамдық бірлестiктердiң өз қаражатын қайрылымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi. 21-бап. Қоғамдық бірлестiктердiң меншiгi Қоғамдық бірлестiктiң жарғысында көзделген қызметтi материалдық жағынан қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектiлер оның меншiгi болып табылады, бұған Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған объектiлер қосылмайды. Қоғамдық бірлестiктiң ақша қаражаты, егер оларды төлеу жарғыда көзделген болса, кіру жарналары мен мүшелiк жарналардан; ерiктi жарналар мен жиналған жылудан; жарғыға сәйкес лекциялар, көрмелер, спорттық және басқа шаралар, лотереялар өткiзуден түскен түсiмдерден; өндiрiстiк және өзге де шаруашылық қызметтен алынған табыстан; заң актілерінде тыйым салынбаған басқа да түсiмдерден қалыптасады. Қоғамдық бірлестiктер мүшелерiнiң (қатысушыларының) сол бірлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Өздерi мүшелерi (қатысушылары) ретiнде қатысатын қоғамдық бірлестiктердiң мiндеттемелерi бойынша олар жауап бермейдi, ал аталған бірлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қоғамдық бірлестiктердiң меншiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады. 4-тарау. Қоғамдық бірлестiктер туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк 22-бап. Қоғамдық бірлестiктер туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк Қоғамдық бірлестiктер туралы заңдарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген тәртiп бойынша жауап беруге әкеп соқтырады. Қоғамдық бірлестiктер туралы заңдарды бұзғандық үшiн бұған кiнәлi заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және қоғамдық бірлестiктердiң басшы органдарының құрамына кiретiн адамдар жауапты болады. ҚР 2005.23.02. № 33-III Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 23-бап. Қоғамдық бірлестiктiң қызметiн тоқтата тұру Қоғамдық бірлестiктiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бұзылған немесе қоғамдық бірлестiк өз жарғысында белгiленген мақсаттар мен мiндеттер шегiнен шығатын әрекеттерi бірнеше рет жасаған жағдайларда прокуратура, iшкi iстер органдарының ұсынуы немесе азаматтардың арыздары негiзіндегі сот шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Қоғамдық бірлестiктiң қызметi тоқтатыла тұрған жағдайда оған барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгiт және насихат жүргiзуге, митингiлер, демонстрациялар және басқа бұқаралық шаралар өткiзуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Оның банк салымдарын пайдалану құқығы да тоқтатыла тұрады, бұған еңбек шарттары бойынша есеп айырысу, өз қызметi нәтижесiнде келтiрiлген шығынның орнын толтыру мен айыппұл төлеу қосылмайды. Егер қоғамдық бірлестiк өз қызметiн тоқтата тұруға негiз болған тәртiп бұзушылықты қызметi тоқтатыла тұратын болып белгiленген мерзiм iшiнде жойса, аталған мерзiм аяқталған соң қоғамдық бірлестiк өз қызметiн қайта бастайды. Қоғамдық бірлестiк Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын жоймаған жағдайда, не оларды қайталап бұзған жағдайда прокуратура, ішкi iстер органдары, сондай-ақ азаматтар сотқа оны тарату туралы арызбен жүгiнуге құқылы. 24-бап. Қоғамдық бірлестiктердiң халықаралық байланыстары Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестiктерi өздерiнiң жарғыларына сәйкес халықаралық байланыстар орнатып, тиiстi келісімдер жасасуы, дiни бірлестiктерден басқа халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бірлестiктерге ұжымдық мүшелер ретiнде кіруi мүмкiн. Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестiктерi жалпы жұрт таныған принциптер мен халықаралық құқық нормалары, халықаралық шарттар мен тиiстi мемлекеттердiң заңдары негiзiнде шет мемлекеттерде өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құра алады. Қазақстан Республикасының
|