|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 1-бап мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын: "ротация - мемлекеттік саяси қызметшiлердi мемлекеттік органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшелерiнің арасында лауазымдық ауыстыру."; 1-тармақта: 8) тармақша "қызметшiлердi" деген сөзден кейiн "даярлауды," деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 8-1), 14-1) тармақшалармен толықтырылсын: "8-1) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн берiлген тәртiптік жазаны мерзiмінен бұрын алып тастауға келісім беру;"; "14-1) мемлекеттік органдар көрсететiн қызметтердiң сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;"; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Уәкiлеттi органның облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада тәртiптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi."; 3) 10-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын: "6-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;"; 2-тармақта: "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiнiң", "мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiнiң" деген сөздер тиiсiнше "Мемлекеттік қызметшiнiң", "мемлекеттік қызметшiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Мемлекеттік қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алынбаған тәртіптiк жазасы болған жағдайда, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға ауысу тәртібімен орналасуына жол берiлмейдi."; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын біліктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртібін Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды."; 9-тармақ "уәкілеттi орган" деген сөздерден кейiн "және оның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақтағы "конкурс өткен кезден" деген сөздер "оларды тiркеу күнiнен" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Мемлекеттік әкiмшілік қызметке алғаш рет немесе қызметiн тоқтатқаннан кейiн жаңадан қабылданған, сондай-ақ жоғары дәрежелi санаттағы мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға қабылданған азамат үшiн үш айға дейiнгi мерзiмге сынақ белгіленуi мүмкiн."; 7) 16-бап мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын: "Мемлекеттік органдарда кемiнде 20 жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкiмшілік қызметшiлер тестiлеуге жатпайды."; 8) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын: "18-1-бап. Ротация Мемлекеттік қызметте мемлекеттік саяси қызметшiлердi ротациялау жүзеге асырылуы мүмкiн. Мемлекеттік саяси қызметшiлердi ротациялаудың тәртібі мен шарттарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды."; 9) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын: "20-бап. Мемлекеттік қызметтің кадрлар резервi 1. Мемлекеттік саяси және әкiмшiлiк лауазымдарға орналасу үшiн мемлекеттік қызметтiң кадрлар резервi қалыптастырылады. 2. Кадрлар резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртібі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттік қызметтiң кадрлар резервi туралы ережемен реттеледi."; 1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: "7-1) соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуi;"; 10) тармақшадағы "еңбек және мемлекеттік қызмет туралы" деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтағы "қызметтен" деген сөз алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң, 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 2) тармақшасының жетiншi және сегiзiншi абзацтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы шілденің 8-і № 75-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |