|
|
|
“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 тамыздағы
ҚР Үкіметінің 2005.19.07. № 740 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Гранттар тарту және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 8 тамыздағы № 886 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 26, 286-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 2-тармақтағы "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Гранттар тарту және пайдалану ережесінде: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Бюджеттік жоспарлау және ДРК шеңберiнде өтемсiз көмек тарту процестерi арасындағы өзара қатынастардың сипатына қарай гранттар байланысты және байланыссыз болып бөлiнедi: 1) байланысты грант Қазақстан Республикасы Үкіметінiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігiн берудi немесе мемлекеттік бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздейдi; 2) байланыссыз грант Қазақстан Республикасы Үкіметінiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiн берудi немесе мемлекеттік бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздемейдi."; 21-тармақтағы "Қаржы министрлігіне" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |