|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы
2007 жылғы 21 шілдедегі № 288-ІІІ ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясы Yкіметінiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттік орталық полигонының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге келiстi: 1. Шарттың атауындағы, кiрiспенiң екiншi және үшiншi абзацтарындағы «4 Мемлекеттік орталық полигонының» деген сөздер «4 Мемлекеттік орталық көру аралық полигонының» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Шарттың мәтiнiндегi «МОП» деген аббревиатура «МОКП» деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 3. 3-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын: "Полигон - жер учаскелерiн және онда орналасқан мүлiктi өзiне қамтитын бiрыңғай кешен. Полигонды жалдау объектiсiнiң бiрлiгi үшiн ставка - Полигонның жер учаскелерiн, оның iшiнде олардағы жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi орналасқан жер учаскелерiн де жалға берiлген алаң (гектар) бiрлiктерiн пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы - 2,33 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленедi.". 4. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Шарттың 3-бабында белгiленген полигонды жалдау объектiсiнiң бiрлiгiне ставканы ескере отырып есептелген Полигонды пайдаланғаны үшiн жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,682 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды. Бұл ретте, жалдау ақысының көрсетiлген мөлшерi Шартқа қол қойылған күнiне пайда болған немесе Қазақстан Республикасының аумағына сол күннен кейiн енгiзiлген және Полигонды жалға алуға қатысты салықтардың барлық түрiн, комиссияларды, жиындарды ескередi. Полигонның жалға берiлетiн жер учаскелерiнiң, сондай-ақ олардағы жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi орналасқан жер учаскелерiнiң құрамы өзгерген жағдайда, жалдау ақысы Полигонды жалдау объектiсiнiң бiрлiгiне белгіленген ставканы ескере отырып, жер учаскелерiнiң жалға алынатын алаңының өзгеруiне үйлесiмдi түрде өзгередi. Жалға беру ақысының өзгеруiн Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлiгі болып табылатын жекелеген хаттамамен ресiмдейтiн болады.». 5. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын: "Шарттың 4-бабында белгiленген жалға беру ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап еркiн айырбасталатын валютада (АҚШ доллары) жүзеге асырылатын болады. Жалға алу төлемдерiн аудару жыл сайын әрқайсысы екi тең үлеспен жылдың екiншi және төртiншi тоқсанының соңғы айының 5 күнiне дейiн жүзеге асырылады. Қазақстан Тарапы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігіне қаражатты аудару үшiн төлем алушыны және қаржы деректемелерiн көрсетiп хабарлама жiбередi. Төлем алушы және (немесе) оның қаржы деректемелерi өзгерген жағдайда Қазақстан Тарапы кезектi төлем мерзiмi өткенге дейiн бiр айдан кешiктiрмей Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігін бұл туралы хабардар етуге мiндеттi.". Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiлетiн болады. Тараптардың бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күн бұрын жазбаша хабарлайды. Осы Хаттама Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама жасаған күнiнен бастап күшiне енедi. Осы Хаттама Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттік орталық полигонының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазанда Мәскеу қаласында жасалған шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады. 2005 жылғы «25» қараша Москва қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |