Автомобиль көлiгiмен кауіптi жүктердi тасымалдау жөніндегі кейбір Осы редакция 2005 ж. 21 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегі және "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өту ережесi және қауіпті жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлік құралдарына қойылатын біліктiлік талаптар бекітілсiн. 2. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жiберiлген қауіпті жүктердiң тiзбесi бекiтілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлік құралдарына қойылатын біліктілік талаптары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген. 2. Ереженiң әрекетi қауiптi жүктердің тасымалына байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады. 3. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезінде олардың өзiндiк ерекшелiгiне байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өрт шығуына немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтімiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез-келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады. 4. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде қолданыстағы стандарттарға сәйкес қауiптi жүктердiң жiктемесi қолданылады. 2. Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктер тасымалын ұйымдастыру 5. Қауiптi жүктердi тасымалдау көлiк саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензияның негiзiнде жүзеге асырылады. 6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердiң тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралдарының жүргiзушiлерi және қауiптi жүктердiң тасымалы үшiн пайдаланатын автокөлiк құралдары осы Ереженiң 3 және 4-бөлiмдерiнде жазылған біліктілік талаптарына сай болуы тиiс. 7. Қауiптi жүктер мамандандырылған автокөлiк құралдарымен немесе осы мақсатқа бейiмделген басқа көлiк құралдарымен тасымалданады. 8. Қауіпті жүктердi тасымалдау кезiнде тиiстi уәкiлеттi орган берген нақты қауіпті жүкпен қызметтi жүзеге асыруға лицензияның (рұқсаттың) болуы талап етiледi. 9. Лицензияның (рұқсаттың) болуы туралы белгі қауiпті жүктi тасымалдау бағытының бланкісіне қойылады (3-қосымша). 10. Қауiптi жүктер тасымалы жүк жөнелтушi (жүк қабылдаушы) мен тасымалдаушы арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттың негізiнде жүзеге асырылады. Қауіпті жүктердi тасымалдауға арналған шарт өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты мынадай: 1) автокөлiк құралдарын арнайы өңдеу жөніндегі іс-шаралар туралы; 2) iлесiп жүрудi ұйымдастыру (қажеттi жағдайда) туралы; 3) жүргiзушiлердi жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібi туралы; 4) қауiп туралы ақпарат жүйесiнiң элементтерiмен қамтамасыз ету тәртібі туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс. 11. Қауiпті жүктердi тасымалдау шарты көлiк жүк құжатымен расталады. Көлiк жүк құжаты үш данада жасалады және оған жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы қол қояды. 12. Көлiк жүк құжатында мыналар: 1) жасалған орны және күнi; 2) жөнелтушiнiң, тасымалдаушының және алушының атаулары (аттары) мен заңды мекен-жайы; 3) жүктi тасымалдауға қабылдау орны мен күнi және оны тапсырудың көзделген орны; 4) қауiпті жүктiң БҰҰ қабылдаған нөмiрiнiң белгiленуi, оны ораудың саны мен тәсiлi (ыдыс, контейнер); 5) жүк орнының саны, олардың ерекше белгiсi мен нөмiрi; 6) жүктiң брутто салмағы немесе жүктiң басқаша айтылатын өлшеу бірлiгіндегi саны; 7) бастапқы әрiптерi - "ҚЖЖТ" (қауiптi жүктердiң жол тасымалы); 8) тасымалдауға байланысты шығыстар (алып жүру төлемi, қосымша шығыстар, кедендік баждар мен алымдар, сондай-ақ шарт жасасқан сәттен бастап жүктi тапсыруға дейiнгі өзге де шығындар); 9) тасымалдау кезiнде қабылдайтын алдын ала сақтық шаралары туралы ақпарат көрсетiлуi тиiс. 13. Жүк жөнелтуші тасымалдаушыға қауiптi жүктердi тасымалдауға жасалған шартпен бірге мыналарды: 1) әрбір автокөлiк құралына ақпарат кестесiн; 2) қауiптi жүктiң әрбір түрiне жүргізушiге арналған нұсқаулықты; 3) тасымалданатын қауiптi жүкпен қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияны (рұқсатты) ұсынады. Көрсетiлген құжаттар жол полициясы органдарымен тасымалдау бағытын келiсу мақсатында, тасымалдау шарты жасалғаннан кейiн, бірақ тасымал басталғанға дейiн 5 күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн. 14. Қауiптi жүктердi тасымалдау бағытын әзiрлеудi тасымалдаушы жүзеге асырады. Тасымалдау бағытын әзiрлеген кезде тасымалдаушы мынадай негiзгi талаптарды басшылыққа алуы тиiс: 1) бағыт маңында iрi өнеркәсiп объектiлерi болмауы тиiс; 2) бағыт iрi елдi мекендер арқылы өтпеуі тиiс. Қауiптi жүктердi iрi елдi мекендер пункттерiнiң iшiмен тасымалдау қажет болған жағдайда бағыт ойын-сауық, мәдени-ағарту, оқу, мектепке дейiнгi және емдеу мекемелерінің қасынан өтпеуi тиiс; 3) тасымалдау бағытында көлiк құралдарының тұрақ орны ескерiлуi тиiс. 15. Бағыт бір облыстың шегiнде өтетiн кезде тасымалдау бағыты осы облыста орналасқан жол полициясының бөлiмшелерiмен келісіледi. Бағыт бірнеше облыстардың аумағымен өтетiн жағдайда келiсу жол полициясының орталық органында жүргiзiледi. 16. Тасымалдаудың келісілген бағыты 12 ай iшiнде күшiнде болады. 17. Көрiнуi 300 метрге дейiн шектелген болса (тұман, жаңбыр, қар және т.б) қауiптi жүктердiң жекелеген түрлерiн тасымалдауға тыйым салынуы мүмкiн, ол нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттарында көрсетiледi. 3. Қауіптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарына қойылатын біліктілік талаптары 18. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдары мынадай біліктілік талаптарға: 1) жасап шығарушы зауыттың конструктивтi техникалық сипаттамасы; 2) тiркеу құжаттарының деректерi; 3) белгiленген тәртiппен келісілген тасымалдауға жататын нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттары; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автокөлiк құралдарына қойылатын санитарлық-гигиеналық өлшемдерi; 5) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесi (бұдан әрi - Жол қозғалысы ережесi) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерi; 6) жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жабдықталуы; 7) Жол қозғалысы ережесiне сәйкес танылу белгiлерiмен жабдықталуы; 8) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралын қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсаты болуы; 9) жарамды сайман және жабдықпен жабдықталуы; 10) қажеттi жағдайларда тасымалданатын қауiптi затты бейтараптандыратын құралдармен және жүргiзушi мен iлесiп жүрушi қызметкердің жеке қорғану құралдарымен жабдықталуы сәйкес болуы тиiс. 19. Белгiлi бір қауiптi жүктердi тасымалдауға автокөлiк құралын жiберу туралы куәлiктiң қолданылу мерзiмi автокөлiк құралына техникалық тексеру жүргiзген сәттен бастап бір жыл өткенде бiтедi. 20. Автокөлiк құралының конструкциясына өзгерістер автокөлiк құралын жасап шығарушы зауытпен келісілуi тиiс. 4. Қауiптi жүктердің тасымалын жүзеге асыратын жүргiзушілерге қойылатын білiктілік талаптары 21. Автокөлiк құралдарымен қауіпті жүктердiң тасымалын жүзеге асыратын жүргiзушiлер мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиiс: тиiстi санаттағы көлiк құралын жүргізу құқығына куәлiгiнiң болуы; осы санаттағы көлік құралының жүргізушісi ретiнде кемiнде үш жыл үздiксiз жұмыс өтілінiң болуы; белгiленген тәртiппен кәсiпқой жүргiзушiлер үшiн жалпы медициналық куәландырудан және рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуi; Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктi тасымалдауға жүргiзушiнi жiберу туралы көлiк саласындағы уәкiлеттi орган берген куәлiктiң болуы. 5. Қауiптi жүктерді тасымалдайтын көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүру тәртібі 22. Тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушi қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша рейс алдында нұсқау алуы және оның мынадай iлеспе құжаттары болуы тиiс: 1) автокөлiк құралдарына арналған тiркеу құжаттары; 2) автокөлiк құралын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша белгiлi бір қауіптi жүктердiң тасымалына жiберу туралы тиiстi уәкiлеттi органның берген куәлiгi; 3) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған "ҚЖ тасымалы" белгiсi бар лицензия (лицензиялық карточка); 4) "Қауiптi жүк" белгiсi бар, осы Ереженiң талаптарына сәйкес тасымалдау бағыты көрсетiлген жол қағазы; 5) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердi тасымалдауға жүргiзушiнi жiберу туралы куәлiк (2-қосымша); 6) қауiптi жүктердi тасымалдау бағытының бланкiсi (3-қосымша); 7) жүргiзушiге арналған нұсқаулық (1-қосымша); 8) көлiктiк жүк құжаты; 9) апаттық жағдайда жүк жөнелтушiнің әзiрлеген iс-қимыл жоспары; 10) қозғалыс бағыты бойынша орналасқан тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, көлiктi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге бақылау жасау, жол қозғалысы қауiпсiздiгi, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі уәкiлеттi органдардың мекен-жайлары мен телефондары. 23. Жүргiзушi қауіптi жүк тасымалының белгiленген және келісілген бағытынан және тұрақ орнынан ауытқымауы тиiс. Қауiптi жүгi бар автокөлік құралын басқару кезiнде жүргiзушiге: 1) автокөлiк құралын орнынан кенет қатты қозғауға; 2) кенет қатты тежеуге; 3) двигатель мен iлiнiсуi ажыратылған күйде қозғалуға; 4) қозғалыс кезiнде автокөлiк құралында темекi шегуге (тоқтаған кезде автокөлiк тұрағынан арасы кемiнде 50 м жерде темекi шегуге рұқсат етiледi); 5) отты ашық пайдалануға (айрықша жағдайларда тамақ дайындаған кезде автокөлiк тұрағынан кемiнде 200 м қашықтықта от жағуға рұқсат етiледi); 6) автокөлiк құралын қадағалаусыз қалдыруға тыйым салынады. 24. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалысы Жол қозғалысы ережесiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. 25. Қауiптi жүк тасымалдайтын автокөлiк құралында бірден артық тiркеме (немесе жартылай тiркеме) болмауы тиiс. 26. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде автокөлiк құралдарының қозғалыс жылдамдығын шектеу Жол қозғалысы ережесiне сәйкес белгiленедi. Қауiптi жүктi тасымалдау кезiнде қозғалыс жылдамдығын белгiленген шектеу жағдайында автокөлiк құралында рұқсат етiлген жылдамдық көрсетiлген белгi орнатылуы тиiс. 27. Қауiптi жүктердi 5 және одан көп автокөлiк құралынан тұратын колоннамен тасымалдаған кезде оның құрамында жүктiң осы түрiн тасымалдауға арналған резервтi бос автокөлiк құралының болуы мiндеттi. Резервтiк автокөлiк құралы колоннаның соңында жүруi тиiс. 28. Автокөлiк құралдарының колоннасымен қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген iлесiп жүру автомобилiнiң (автомобильдерiнiң) болуы мүмкiн. Iлесетiн автомобиль iлесіп жүретiн көлiк құралдарының алдында жүруi қажет. Тасымалдау уақытында iлесіп жүру автомобилi қосылуы мiндеттi қызғылт сары түстi жарқылдауық маякпен жабдықталады. 29. Егер қозғалыс процесiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттеу жөніндегі қосымша iс-шаралар жүргiзу қажеттілігi туындаса жол полициясы патрульдiк автомобилiнiң iлесiп жүруi жүзеге асырылады. 30. Ерекше қауiптi жүктердi тасымалдаған кезде жүргiзушiлердiң елдi мекендерде демалуға тоқтауына тыйым салынады. Тұрғын үй құрылыстары мен адамдардың көп шоғырланған жерiнен кемiнде 200 м жерде орналасқан, осыған арнайы бөлiнген жерлерде тоқтауға рұқсат етiледi. Автокөлiк құралы аялдаған немесе тоқтаған кезде тоқтау тежегiшi мiндеттi түрде қосылуы тиiс, ал еңiсте қосымша сырғуға қарсы тiреуiш қойылуы керек. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарының аялдау және тоқтау тәртібі тасымалдау бағытында көрсетiледi. 31. Қауiптi жүк тасымалдайтын көлiк құралдары мүмкiндiгiнше жалпы пайдаланымдағы май құю станцияларында қосымша май құймай барлық жүру жолына жетерлiктей отынмен қамтамасыз етiледi. Қажеттi жағдайда май құю жалпы пайдаланымдағы май құю станцияларында автомай құю станциясының аумағынан кемiнде 25 метр қашықтықта орналасқан алаңқайда, арнайы осы мақсаттар үшiн көзделген, станциядан темір канистрлермен немесе жылжымалы май құю станцияларынан алынған отынмен жүргiзiледi. 32. Жол-көлiк оқиғасы туындаған жағдайда жүргiзушi: 1) оқиға болған жерге бөтен адамдарды жiбермейдi; 2) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетедi және қажет болған кезде жедел медициналық жәрдем шақыртады; 3) болған оқиға туралы денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдарға, сондай-ақ басқа да мүдделi органдарға хабарлайды; 4) жүргiзушiге арналған нұсқаулықтағы нұсқамаға және апаттық жағдайда iс-қимыл жоспарына сәйкес апаттық ахуалдың салдарын алғашқы жою бойынша шаралар қабылдайды; 5) оқиға болған жерге келген уәкiлеттi органдардың өкiлдерiн 22-тармақтың 10) тармақшасында атап көрсетiлген қауiп-қатер және қабылданған шаралар туралы хабардар етедi. 33. Қауiптi жүк тасымалдайтын автокөлiк құралдарына iлесiп жүретiн қызметкердiң қауiптi жүктерге оның iлесiп жүру құқығын растайтын куәлiктерi болуы тиiс. Куәлiк iлесiп жүретiн адамның жеке басын куәландыратын құжаты көрсетiлгенде ғана жарамды болады. 34. Қауiптi жүктердiң тасымалына қатысушылар қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiрудi болдырмау мақсатында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде тиiстi ұйымдастыру және техникалық шараларды қабылдауы тиiс. Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту ережесiне және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын 1-қосымша Жүргiзушiге арналған нұсқаулық Жүргiзушiге арналған нұсқаулық нақты бағытта осы қауiптi жүктi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралының жүргiзушiсiне басшылық етушi нұсқаманы қамтуы тиiс. Бұл ретте нұсқаулыққа мынадай ақпарат енгiзiледi: 1. Нұсқаулық берілетін жүргізушінің деректері, қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша дайындығы туралы куәлiктiң N. 2. Автокөлiк құралының, автокөлiк ұйымының деректерi, олардың деректемелерi. 3. Жүктi жiберушi, қауiптi жүкпен шығу күнi мен уақыты. 4. Жүктi алушы, қауiптi жүктi жеткiзудің бағдарланған күнi мен уақыты. 5. Қозғалыс бағыты. 6. Автокөлiк ұйымының гаражына қайтып оралудың бағдарланған уақыты. 7. Қауiптi жүк туралы деректер.
Ұйымның бастығы (қолы және мөрi) ___________________________________________________________________ Ескерту: "Синонимдер" бағаны міндеттi түрде толтырылуы керек Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту ережесiне және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын 2-қосымша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қауiптi жүкті тасымалдауға жүргізушiнi жiберу туралы куәлiк ҚАУIПТI ЖYКТI ТАСЫМАЛДАУҒА АВТОКӨЛIК ҚҰРАЛЫНЫҢ ЖYРГІЗУШІСIН ЖIБЕРУ ТУРАЛЫ КУӘЛIК Мынадай класс (кластар) * |