Машина жасау кәсіпорындарының кредиторлық берешектерiн қайта құрылымдау
Осы редакция 2005 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Медетшi қоры" жабық акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бiрлесiп: 1) мыналардың берешектерiн қайта құрылымдау жүргiзудi қамтамасыз етсiн: Экономиканы қайта құру қорының қаражаты есебiнен, кәсiпорындарды санациялауға және оңалтуға Мемлекеттік Медетшi банкi арқылы алынған кредиттер бойынша, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қаржы министрлігінiң кепілдiгiмен берiлген орталықтандырылған (директивтiк) кредит бойынша, берешектiң өтелуi 2003 жылы басталатын болып, 2008 жылды қоса алғандағы мерзiмге республикаiшiлiк есепке алудың нәтижелерi бойынша алынған кредит бойынша "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" ашық акционерлік қоғамының; меншiктi айналым қаражатын толықтыруға республикаiшiлiк есепке алудың нәтижелерi бойынша, кәсiпорындарды санациялауға және оңалтуға Мемлекеттік Медетшi банкi арқылы алынған кредиттер бойынша және Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қаржы министрлігінiң кепілдiгiмен берешектiң өтелуi 2002 жылы басталатын болып, 2008 жылды қоса алғандағы мерзiмге берiлген орталықтандырылған (директивтiк) кредит бойынша "Тыныс" ашық акционерлік қоғамының; Экономиканы қайта құру қоры қаражатының есебiнен және кәсiпорындарды санациялауға және оңалтуға Мемлекеттік Медетшi банкi арқылы берешектiң өтелуi 2002 жылы басталатын болып, 2008 жылды қоса алғандағы мерзiмге алынған кредиттер бойынша "Семей машина жасау зауыты" ашық акционерлік қоғамының; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейтiн сыйақы ставкасын ескере отырып, тиiстi келісімдер жасассын. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсiн: "С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты" өндiрiстiк бiрлестiгi" ашық акционерлік қоғамының берешегiн қайта құрылымдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 сәуірдегі № 561 қаулысына: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Медетшi қоры" жабық акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бiрлесiп Экономиканы қайта құру қорының қаражаты есебiнен алынған кредит бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қаржы министрлігінің кепiлдiгiмен берешектiң өтелуi 2002 жылы басталатын болып, 2008 жылды қоса алғандағы мерзiмге берiлген орталықтандырылған (директивтік) кредит бойынша "С.М.Киров атындағы Петропавл зауыты" өндiрiстiк бiрлестiгi" ашық акционерлік қоғамының берешегiн қайта құрылымдауды жүргізсiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегi № 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттің атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсiмдердің ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлейтiн сыйақы ставкасын ескере отырып, тиiсті келісімдер жасассын."; "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталықтандырылған (директивтік) кредиттерін алу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1994 жылғы 22 шілдедегi № 826 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 30, 345-құжат; № 35, 378-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталықтандырылған (директивтік) кредиттерiн алудың тәртібінде: 3-тармақтағы "ұзартылмайды және" деген сөздер алынып тасталсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|