Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
ҚР Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. "Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына мынадай толықтыру мен өзгерiс енгізiлсiн: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Мына кандидатуралар: 1) әлеуметтiк-экономикалық блок (Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Денсаулық сақтау, Мәдениет, ақпарат және спорт) министрлерiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң және Сенатының бейiндiк комитеттерiнде; 2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi басшыларының лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының бейiндiк комитетiнде; 3) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң Мемлекет басшысы тағайындайтын Төрағасы мен екi мүшесiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң бейіндік комитетiнде алдын ала талқылануға тиiс деп белгiленсiн."; аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесiнде: мына:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|