|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін және өкілдiк шығындардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесінде: 2-тармақтың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмiмен көзделген жағдайларда" деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақтың бiрiншi абзацы "Премьер-Министрінің шешiмiмен ресiмделетiн" деген сөздерден кейiн "iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге," деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |