|
|
|
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 15-бабына сәйкес, сондай-ақ қызметін "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салық әкімшілігін жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу кезеңіне "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Оңтүстік" салық комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) құрылсын. 2. Комитетті қаржыландыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары қызметкерлерінің штат саны лимиттерінің шегінде Комитеттің штат санын белгілеу; 2) Комитет туралы ережені бекіту және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қазандағы № 1102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 359-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 219-жолмен толықтырылсын: "219. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Оңтүстік" салық комитеті". 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |