Донорды медициналық тексеру ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы № 680 Бұйрығымен күші жойылды
"Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Донорды медициналық тексеру ережесі бекітілсін. 2. Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 464 бұйрығымен бекітілген
Донорды медициналық тексеру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже "Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және донорды медициналық тексеру тәртібін белгілейді. 2. Тиісті медициналық тексеруден өткен және қан тапсыру үшін денсаулығының жарамсыз көрсеткіштері жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан мен оның компоненттерін тапсыруға ерікті түрде ниет білдірген он сегіз жастан алпыс жасқа дейінгі жеке тұлға донор болуға құқылы.
2. Донорларды қабылдау мен есепке алу тәртібі
3. Қан қызметі ұйымдарында донорларды қабылдау жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде жүргізіледі. 4. Жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін донорға осы ол өз бетінше немесе медициналық тіркеушінің көмегімен толтырылатын сауалнама беріледі. Толтырылған сауалнама донордың есепке алу картасына салынады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|