«Жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 12-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 644 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1322 болып тіркелген, № 3099 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 521 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының аумағында: 1) көлік құралдарын басқару құқығының куәлік үлгісі (жүргізу куәлігі) (№ 1 қосымша) қолданысқа енгізілсін. 2005 жылғы 10 желтоқсанға дейін берілген жүргізуші куәліктері олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін көлік құралдарын басқару құқығын растайды деп белгіленсін; 2) Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәлік үлгісі (№ 2 қосымша) қолданысқа енгізілсін.»; № 1 қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаменті осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|