|
|
|
«Инвестициялық салықтық преференцияларды қолданылу мерзімдерін белгілеу туралы» (2006.27.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2006.27.03. № 208 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. "Мойнақ су электр станциясын салу және пайдалану" инвестициялық жобасы бойынша "Мойнақ СЭС" акционерлік қоғамына берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін: корпорациялық табыс салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік жыл; мүлік салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жыл; жер салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жыл. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |