|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 820 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Өнеркәсіп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кіретін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 820 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 32, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кіретін жұмыстар мен қызметтердің тізбесінде: кіріспедегі "8), 12), 12-1), 15), 29) және 44) тармақшаларына" деген сөздер "тармақшасына" деген сөзбен ауыстырылсын; тақырыптағы "Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр" деген сөздер "Электр" деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақ алынып тасталсын; 3, 7, 11, 12, 13-бөлімдер алынып тасталсын; 4-бөлімнің 5-тармағының 15), 16)тармақшалары алынып тасталсын; 5-бөлімнің 9-тармағының 7), 10), 11), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшалары алынып тасталсын; тақырыптағы ", дайындау, монтаждау, жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын; 12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "12. Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен өткізгіш құбырларын жобалау, соның ішінде:"; тақырыптағы ", дайындау, монтаждау, жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын; 14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "14. Көтергіш құрылыстарды жобалау және пайдалану (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйде ұстау, техникалық жағдайын бақылау), соның ішінде:"; тақырыптағы ", дайындау, монтаждау, жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын; 15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "15. Қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен өткізгіш құбырларды жобалау, соның ішінде:". 2. Осы қаулы 2005 жылғы 23 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың сегізінші абзацын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |