«Авиациялық отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы»
Осы редакция 2005 ж. 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ел экономикасының мұқтаждары үшiн авиациялық отынның қажеттi қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Осы қаулының қолданысқа енгiзiлген сәтiнен бастап 2005 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде осы қаулы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн мерзiмдiк декларациялау рәсiмi бойынша бұрын ресiмделген, сондай-ақ арнайы кедендiк режимге орналастырылатын: реактивтi отынды (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 210 0); өзгелерiн (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 250 0) қоспағанда, авиациялық отынды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiн Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан авиациялық отынды әкетуге тыйым салуды енгiзгендiгi туралы хабардар етсiн. 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
|