|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды
Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялағаны үшін алым ставкаларын халықаралық нормаларға сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының П°КЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында: "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялар беру кезінде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тарауда: 5-тармақтың 2-бағанындағы "6" деген сан "11990**" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: "** тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспорты мен импортын лицензиялағаны үшін лицензиялық алым ставкалары 11990 теңгені құрайды."; "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялар телнұсқасын беру кезінде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 2-тарауда: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспорты мен импортына лицензиялардың телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым ставкалары 1115***"; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: "***тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспорты мен импортына лицензиялардың телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым ставкалары 1115 теңгені құрайды."; "Лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым ставкалары" деген 3-тарауда: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспорты мен импортына лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым ставкалары 1115****"; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: "****тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспорты мен импортына лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым ставкалары 1115 теңгені құрайды.". 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |