«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған
Осы редакция 2006 ж.1 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі: шикi мұнайға орташа бағаны айқындау мақсатында мұнай шикiзатының әлемдік нарығындағы бағалардың ай сайынғы мониторингін жүзеге асырсын; ай сайын есептiден кейiнгi айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесiне 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат берсін; мониторинг нәтижелерін ресми баспа басылымдарында жариялауды жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу epeжeciнің 3-тармағының орындалуын қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын. 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi
1. Осы Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетiн мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеудiң тәртібiн (бұдан әрi - кедендiк баж ставкалары) белгілейдi. 2. Осы Ереженiң мақсаты үшін мұнайдан жасалған тауарлар деп осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар түсiніледi. 3. Кедендiк баж ставкаларын есептеудi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингінің (бұдан әрi - бағалар мониторингi) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде әрбiр күнтiзбелiк айда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асырады. 4. Бағалар мониторингiнiң нәтижелерi бойынша орташа нарықтық баға өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен кедендiк баж ставкалары мөлшерінiң өзгеруi туралы Қазақстан Республикасының Yкіметі шешімінің жобасын дайындайды. 5. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 долларға дейiн (қоса алғанда) қалыптасқан кезде мұнайдан жасалған тауарларды әкету 0% ставкасы бойынша жүргiзіледi. 6. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде кедендiк баж ставкалары түзету коэффициенттерi ескерiле отырып, есептеледi. Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент. 7. Кедендiк баж ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:
КБС=Кх(Б-138,6),
мұнда КБС - кедендiк баж ставкаларының мөлшерi; К - осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 90%-ы; Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы.
кедендiк аумағынан әкетілетiн мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесiне 1-қосымша
Мұнайдан жасалған тауарлардың тізбесi
кедендiк аумағынан әкетілетiн мұнайдан жасалған тауарларға кедендік банк ставкаларын есептеу ережесiне 2-қосымша
200__ жылғы ________ және ________ айындағы мұнайға арналған бағалар мониторингiнiң нәтижелерi
Сж.ю.1 - биржаның ашылған сәтiне Жерорта теңiзi Юралсының баға кесiмi Сж.ю.2 - биржаның жабылған сәтiне Жерорта теңiзi Юралсының баға кесiмi Са.б.1 - биржаның ашылған сәтiне Айы-күнi қойылған Бренттiң баға кесiмi Са.б.2 - биржаның жабылған сәтiне Айы-күнi қойылған Бренттiң баға кесiмi
Р=(C1+С2)/2=__________,
мұндағы Р - өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы; C1 - биржаның ашылған сәтінен өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы; С2 - биржаның жабылған сәтінен өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы.
C1=(Cж.ю.1+Са.б.1)/2=__________; C2=(Cж.ю.2+Са.б.2)/2=__________; S=(Р+Р1+....+Рn)/n=__________;
мұндағы S - салық кезеңіндегі өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасы; Рn - салық кезеңі ішінде мұндай баға кесу жарияланған күндерде өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы; n - салық кезеңі ішінде мұндай баға кесу жарияланған күндер саны. Мониторинг кезеңінде 1 (бір) баррель мұнайға орташа нарықтық баға ____ АҚШ долларын, бір метрикалық тонна үшін ____ АҚШ долларын құрады.
кедендiк аумағынан әкетілетiн мұнайдан жасалған тауарларға кедендік банк ставкаларын есептеу ережесiне 3-қосымша
|