|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 5-тармақтың ж) тармақшасында: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе" деген сөздер алынып тасталсын; "2-5" деген сандар "4 және 5" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 4-қосымшада: бірінші абзацта: "Тауардың атауы" деген бағандағы "Піл сүйегі, маралдың" деген сөздер "Маралдың" деген сөзбен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының лицензия беру туралы шешімді келісетін мемлекеттік органы" деген бағандағы ", Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген сөздер алынып тасталсын; "ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша тауардың коды" деген бағанның он екінші абзацында: "2846" деген сандардан кейін "7110 41 000 0" деген сандармен толықтырылсын; "8104 11 000 0" деген сандар алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының лицензия беру туралы шешімді келісетін мемлекеттік органы" деген бағанның он алтыншы және он жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі"; көрсетілген қаулыға 5-қосымшада: "Тауардың атауы" деген бағанның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Пестицидтер (улы химикаттар)". 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |