Конституциялық Заң күшi бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік
Осы редакция 2006 ж. 7 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Конституциясының 9-бабын iске асыру мақсатында осы Жарлықты шығарамын. Жалпы ережелер 1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы; 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы; 3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнi болып табылады. 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының бейнесi (сызба және түрлi-түстi бейнелерi қоса берiледi). 2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесi (ақ-қара және түрлi-түстi бейнелерi қоса берiледi). 3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнiнiң музыкалық редакциясы мен мәтiнi (қоса берiледi). 3-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнiн қастерлеуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнiн қорлауға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|