|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 554 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Жеке табыс салығы бойынша
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және төлем көздерінен салық салынбайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс кіріс алатын жеке тұлғалардың (жеке кәсіпкерлерді қоспағанда) Жеке табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау, Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алатын салық төлеушілердің, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктердің шоттарында ақшалары бар жеке тұлғалардың, сондай-ақ Салық кодексінің 144-бабы 12) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғалардың кірістерінің мөлшері аталған тармақшада белгіленген шектерден асқанда жеке табыс салығын есептеу тәртібін айқындайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (200.00-нысан) және жеке табыс салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (200.01 - 200.08 нысандар) тұрады. 3. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көздер толтырылмайды. 6. Қосымшаларда көрсетуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымшалар берілмейді. 7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштер саны асып түскен жағдайында, қосымшаның осындай парағы толтырылады. 8. Тиісті қосымша нысанның көрсеткіштерін ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде, көрсетілген қосымша нысандар міндетті тәртіпте толтыруға жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|