Жинақтаушы зейнетақы қорларын еріксіз тарату, сондай-ақ таратылатын Осы редакция 2006 ж. 9 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Жинақтаушы зейнетақы қорларын еріксіз тарату, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асыру және ерікті немесе еріксіз таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметінің ерекшеліктері туралы ереже бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді. 3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бәдірленова Ж.Р.): 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, кастодиан банктерге жіберсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|