Мемлекеттік қызметтiң кадр резервi туралы Қазақстан Республикасы
Осы редакция 2006 ж. 5 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 20-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік қызметтiң кадр резервi туралы ереже бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервiне алу үшiн кандидаттарды iрiктеу жөніндегі комиссия құрылсын. 3. "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 330 Жарлығының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 61-құжат; 2001 ж., № 18, 222-құжат; 2003 ж., № 15, 149-құжат). 4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН Мемлекеттік қызметтiң кадр резервi туралы ЕРЕЖЕ Мемлекеттік қызметтiң кадр резервi туралы ереже мемлекеттік саяси және әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн жасақтау және осы резервке алынған азаматтардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу мәселелерiн реттейдi. Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервi 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервi - бұл осы Ережемен айқындалған тәртiппен түзiлген жүйелi тiзiмге олар жөніндегі деректер енгiзiлген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi - азаматтар). 2. Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервiне алынған азаматтар, олар алынған күннен бастап үш жыл iшiнде мемлекеттік саяси лауазымға тағайындала алады. 3. Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервi Мемлекеттік саяси қызметтiң кадрлар резервiне алу үшiн кандидаттарды iрiктеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) шешiмi негiзiнде мыналар: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|