Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және (2005.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 31 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-6 баптар) 2-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, (7-15 баптар) міндеттері, функциялары және өкілеттіктері 3-тарау. Қорытынды ережелер (16-17 баптар) Осы Заң қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыру мен қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу жөнiнде жағдайлар жасауға бағытталған. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушы - қаржылық ұйымның қызмет көрсетуiн пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға; 2) қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет; 3) уәкiлеттi орган - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 4) қаржылық ұйым - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 5) қаржы рыногы - қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы; 07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 6-тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) 6) қаржылық қызметтер - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған лицензиялар негiзiнде жүзеге асырылатын сақтандыру рыногына, бағалы қағаздар рыногына, жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысушылардың қызметi, сондай-ақ банк қызметi; 2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудiң және қадағалаудың мақсаттары, принциптерi мен мiндеттерi 1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудiң және қадағалаудың мақсаттары: 1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау; 2) қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету; 3) қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. 2. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудiң және қадағалаудың принциптерi: 1) ресурстар мен реттеу құралдарын тиiмдi пайдалану; 2) қаржылық ұйымдар мен қаржылық қадағалау қызметiнiң айқындығы; 3) тәуекелдердi бағалауға негiзделген қаржылық ұйымдарды басқаруды ынталандыру; 4) жаңа қаржы құралдарын және қызмет көрсетудi дамытуды қолдау арқылы қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың кешендiлiгі, сондай-ақ қаржы рыногына қазiргi заманғы технологияны енгізу; 5) қаржылық ұйым органдарының жауапкершiлiгi болып табылады. 3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудiң және қадағалаудың мiндеттерi: 1) қаржылық ұйымдар қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржылық ұйымдарды корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау; 2) қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау мақсатында қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың мониторингi; 3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру; 4) қазiргi заманғы технологияларды енгізудi ынталандыру, қаржылық ұйымдардың қызметi және олар көрсететiн қаржылық қызметтер көрсету туралы ақпараттың тұтынушылар үшiн толымдылығын және қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады. 4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу 1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген тиiстi лицензиясы жоқ тұлғалардың қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруына жол берiлмейдi. 2. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясынсыз жасалған қаржылық қызмет көрсету бойынша мәмiлелер жарамсыз болып табылады. 5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер Уәкiлеттi органның қаржылық ұйымдар үшiн олардың қаржы тұрақтылығын және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгiлейтiн экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер болып табылады. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда уәкiлеттi орган пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi шоғырландырылған негiзде белгiлеуге құқылы. 6-бап. Қаржы рыногын монополияға қарсы реттеу 1. Қаржы рыногында бәсекелестiктi шектеуге және қаржылық ұйымның өзiнiң басым (монополиялық) жағдайын терiс пайдалануына бағытталған iс-әрекеттердi жасауына тыйым салынады. 2. Қаржы рыногындағы қаржылық ұйымның басым (монополиялық) жағдайын белгiлеу ережелерiн уәкiлеттi органмен бiрлесiп монополияға қарсы орган айқындайды. 3. Қаржы рыногындағы қаржылық ұйымдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдарының талаптарын орындауын бақылауды монополияға қарсы орган жүзеге асырады. 2-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері 7-бап. Уәкiлеттi органның мәртебесi 1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын бiртұтас уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынады және есеп бередi және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ол туралы Ереженiң негiзiнде әрекет етедi. 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 2-1- тармақпен толықтырылды 2-1. Уәкiлетті органның еңбекақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентi уәкiлеттi орган Басқармасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісiлген ұсынуы бойынша бекiтедi. 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 3-тармақ толықтырылды 3. Уәкiлеттi органды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган ол туралы Ережеде айқындалатын тәртіппен шығыстарды өтеуге байланысты өзге де қаржы түсiмдерiн иеленуге құқылы, олар қаржы жылының нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетiне аударылады. 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 3-1- тармақпен толықтырылды 3-1. Уәкілеттi органның қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жағдайларын оның Басқармасы айқындайды.
8-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi 1. Уәкiлеттi органның мiндеттерi: 1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу жөніндегі шараларды iске асыру; 2) қаржылық ұйымдардың тиiстi түрлерiнiң адал бәсекелестiк принциптерiнде жұмыс iстеуi үшiн тең жағдай жасау; 3) қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалаудың стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн көтеру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды пайдалану болып табылады. 2. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген өзге де мiндеттердi iске асыруды қамтамасыз етедi. 11.06.04 ж. № 562-II ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 9-бап. Қаржылық ұйымдарының қызметiн реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi 1. Уәкiлеттi орган қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу және қадағалау мақсатында: 1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдарды ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта құру мен таратуға рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады, қаржылық ұйымдардың бөлiмшелерiн ашуға келісім бередi, сондай-ақ аталған рұқсаттар мен келісімдердi беру тәртібін айқындайды; 2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келісім бередi не келісім беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келісімдi берудiң не беруден бас тартудың тәртібін айқындайды; 3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржы рыногында кәсiби қызметтi, қаржылық ұйымдардың аудитiн жүзеге асыруға лицензиялар беру, қолданылуын тоқтату және керi қайтарып алу тәртібін белгiлейдi, аталған лицензияларды бередi, қолданылуын тоқтатады және керi қайтарып алады; 4) қаржылық ұйымдар, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады; 5) қаржылық ұйымдар үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi; 6) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғалары есептілігінің (қаржылық және статистикалық есептiлiктi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерi мен тәртібін белгілейді; 7) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру және бухгалтерлiк есеп стандарттары туралы заңдарын қаржылық ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады; ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) қаржылық ұйымдар акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді; 8) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда және шектерде, оның iшiнде аудиторлық ұйымды тарту арқылы қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қызметiн тексередi, тексеру жүргiзудiң тәртібін айқындайды; 9) қаржылық ұйымдарға Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген шектеулi ықпал ету шаралары мен санкциялардың қолданылу тәртібін айқындайды және қолданады; 10) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсе отырып, қаржылық ұйымдардың лекцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды; 11) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады; 12) қаржылық ұйымдар туралы мәлiметтердi (қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), оның iшiнде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. 2. Уәкiлеттi орган қаржылық ұйымдарға және олардың аффилиирленген тұлғаларына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды тарта отырып: 1) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық жай-күйiн айқындау; 2) қаржылық ұйымдармен олардың аффилиирленген тұлғаларының басқарма құрылымының және шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн айқындау; 3) қаржылық ұйымдардың аффилиирленген тұлғаларын айқындау; 4) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау және оның алдын алу; 5) қаржылық қызмет көрсету немесе қаржы құралдарын шығару жөніндегі уәкiлеттiк берiлмеген қызметтi анықтау және оның алдын алу мақсатында инспекциялау (тексеру) жүргiзуге құқылы. 3. Уәкiлеттi орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген өкiлеттiктерден басқа, осы Заңның 10-13-баптарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 4. Уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржылық ұйымдардың қызметiне араласуға құқылы емес. ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 10-бап толықтырылды 10-бап. Банк қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерi Уәкiлеттi орган банк қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында: 1) жеке және заңды тұлғалардың банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуына, банктердiң еншiлес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту тәртібін айқындайды, аталған рұқсаттарды бередi не беруден бас тартады; 2) банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi; 3) банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөніндегі талаптарды белгiлейдi; 4) банктiк топтар үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi; 5) салымдарға (депозиттерге) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) тәртібін белгiлейдi; 6) активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртібін белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртібін мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органмен келiсе отырып айқындайды; 7) банктердiң және банктерге аудит жүргiзуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi; 8) банктiң аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін айқындайды және оларды қолдану туралы шешiм қабылдайды; 9) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны) тағайындайды; 10) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды; 11) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде өз өкілінің болуына құқылы. 11-бап. Сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерi Уәкiлеттi орган сақтандыру қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында: 1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын алуға рұқсат беру және оны керi қайтарып алу тәртібін айқындайды, көрсетiлген рұқсаттарды бередi және керi қайтарып алады; 2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiн қалыптастыруына қойылатын талаптарды белгiлейдi; 3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiне қойылатын талаптарды белгiлейдi; 4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерiн орналастыру және инвестициялау тәртібін айқындайды; 5) сақтандыру полистерiнiң нысандары мен мазмұны бойынша талаптарды белгiлейдi; 6) актуарийлiк қорытынды және оның мазмұнына талаптар негiзiнде аннуитет шарттарын қолдану кезеңiнде тұрақты сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн көбейту тәртібі мен талаптарын айқындайды; 7) жинақтаушы сақтандыру бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына заемдарды беру тәртібі мен талаптарын айқындайды; 8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру (сақтандыру полистерi), оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының белгiленген (шарттармен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен) мерзiмдердi бұза отырып орындаған шарттарын есепке алу тәртібін айқындайды; 9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлердiң және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудит жүргiзуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi; 10) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленген жағдайларда сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияны қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды; 11) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру төлемдерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру тәртібін айқындайды; 12) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. 12-бап. Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерi Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында: 1) қаржы рыногының активтерiн бағалы қағаздар ретiнде таниды; 2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырады, акцияларды шығару және орналастыру, облигацияларды орналастыру мен өтеу және бағалы қағаздар шығаруды жою туралы есептердi қарап, бекiтедi және мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн бередi; 3) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналымға жiберудiң және өтеудiң шарттары мен тәртібін, мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртібін айқындайды; 4) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тiркеудiң, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қараудың талаптары мен тәртібін белгiлейдi; 5) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының мамандарын оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастырады; 6) бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру, қолданылуын тоқтату және керi қайтарып алу талаптары мен тәртібін айқындайды, аталған рұқсаттарды бередi, қолданылуын тоқтатады және керi қайтарып алады; 7) бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеуге ниет бiлдiрген жеке тұлғаларға аттестация жүргiзу талаптары мен тәртібін айқындайды және аттестация жүргiзедi, аттестациядан өткен тұлғаларға біліктiлiк куәлiктерiн бередi, біліктiлiк куәлiктерiн иеленушiлерге қайта аттестациялауды жүзеге асырады, біліктiлiк куәлiктерiнiң қолданылуын тоқтатады және қайта бастайды, біліктiлiк куәлiктерiн керi қайтарып алады; 8) бағалы қағаздардың және туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы мен айналысын тоқтату және қайта бастау талаптары мен тәртібін айқындайды; 9) Бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар мен рұқсаттар тiзiлiмiн және бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген біліктiлiк куәлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi; 10) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртібін, оның iшiнде бағалы қағаздармен операциялар жасау шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгiлейдi; 11) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың және институционалдық инвесторлардың инвестициялық қызметiн жүргiзу тәртібін белгiлейдi; 12) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және өзiн өзi реттейтiн ұйымдардың қызметiн жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi; 13) бағалы қағаздардың, оның iшiнде туынды бағалы қағаздардың бағаларымен айла-шарғы жасауға, бағалы қағаздар рыногында инсайдер ақпаратын немесе қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдалану арқылы мәмiлелер жасауға бақылауды жүзеге асырады; 07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 14-тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) 14) инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеу мен бақылауды жүзеге асырады; 15) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. 13-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерi Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында: 1) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлерiне, басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi; 2) жинақтаушы зейнетақы қорлары жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн, оны қалыптастыру тәртібін және құрамын белгiлейдi; 3) алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алуды жүргiзу тәртібін белгiлейдi және оның дұрыс жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражатын аудару тәртібін белгiлейдi; 4) жинақтаушы зейнетақы қорының жиырма бес проценттен астам акцияларын сатып алуға рұқсат беру тәртібін белгiлейдi; 5) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерiн келiседi; 6) қайта құрылатын немесе таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, оның зейнетақы шарттары бойынша мiндеттемелерiн басқа қорға беру тәртібін белгiлейдi; 7) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген жағдайларда зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметке берiлген жинақтаушы зейнетақы қорларының лицензиясын керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды; 8) жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау туралы шешiм қабылдайды; 9) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. 14-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер Уәкiлеттi органға жүктелген қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан өзiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алуға құқылы, бұл орайда алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды. Уәкiлеттi органның қызметкерлерi өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жариялағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 15-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен және басқа мемлекеттердiң қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарды реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекетi 1. Уәкiлеттi орган өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актілерімен өзiне берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ешкiмге тәуелсiз. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар уәкiлеттi органның заң тұрғысында бекітілген өкiлеттiктерiн iске асыру жөніндегі қызметiне араласуға құқылы емес. 2. Уәкiлеттi орган өз қызметiн басқа мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде үйлестiредi. 3. Уәкiлеттi орган басқа мемлекеттердiң қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарымен ынтымақтастықта болады және олардың қадағалау функцияларын жүзеге асыруына қажеттi ақпарат алмасуға құқылы. 16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық |