Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-II
Осы редакция 2006 ж. 31 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
1-бап. Байланыстың мақсаты 1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады, ол байланыс қызметіне жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. 2. Байланыс және есептеу техникасы құралдары ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) абонент - байланыс қызметтерін көрсету мақсаттары үшін абоненттік номер немесе бірдейлендірілген код бөлінген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан байланыс қызметін пайдаланушы; 2) телефондық қосылыстар қызметіне ақы төлеудің абоненттік тіркелген жүйесі (бұдан әрі - қызметке ақы төлеудің абоненттік жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңіндегі төлемдер сомасы абоненттік желіні оның түріне қарамастан, абонентке тұрақты пайдалануға беру төлемақысын және жергілікті телефондық қосылыстың бір абонентке шаққандағы орташа ұзақтығына қарай төлемақыны қамтитын, қызметке ақы төлеу жүйесі; 3) жоғарғы жиілікті құрылғылар - телекоммуникация саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа мақсаттарда электромагниттік энергияны өндіруге және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар; 4) байланыстың басым операторы - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдарына сәйкес байланыс саласында басым (монополиялық) жағдайға ие болып отырған байланыс операторы; 5) кәбілдік кәріз - байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жер асты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы; 6) арнаулы және фельдъегерлік байланыс арналары - арнаулы жөнелтілімдерді фельдъегерлердің алып жүруімен жөнелтуге пайдаланылатын почта желілерінің, арнаулы және фельдъегерлік байланыс бөлімшелерінің жиынтығы; 7) радиожиілік спектрінің конверсиясы - радиожиілік спектрін пайдалануды азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдармен кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; 8) байланыс жолдары - тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, жерсеріктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кәбілдік құрылғылары, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) жолдар; 9) магистральдық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің телекоммуникация желілерінің аймақтық (қалааралық) және (немесе) халықаралық коммутация станцияларын қосатын жердегі (кәбілдік, соның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) немесе жерсеріктік байланыс жолы; 10) халықаралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтетін немесе Қазақстан Республикасының шекарасында басқа елдің байланыс операторының байланыс жолымен түйісетін жері бар және Қазақстан Республикасы байланыс операторының халықаралық коммутация станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутация станцияларымен қосатын байланыс жолы; 11) қалааралық телефон байланыс жолы - Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторының қалааралық коммутация станцияларын қосатын байланыс жолы; 12) қалааралық телефон байланысы - жергілікті телефондық қосылыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметін пайдаланушылар арасындағы телефондық қосылыс; 13) халықаралық телефон байланысы - Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметін пайдаланушылар мен басқа мемлекеттің аумағындағы байланыс қызметін пайдаланушылар арасындағы телефондық қосылыс; 14) желіаралық қосу - телекоммуникацияның бір желісін екіншісіне қосу қызметін көрсетудің нәтижесі болып табылатын телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі; 15) телекоммуникацияның жергілікті желісі - елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған, коммутациялық жабдықтардан (станциялардан, кіші станциялардан, жинақтағыштардан), желілік-кәбілдік құрылғылардан (қосқыш жолдардан және арналардан), тарату жүйелері мен абоненттік құрылғылардан (терминалдардан) тұратын техникалық құралдардың жиынтығы. Телекоммуникацияның жергілікті желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және селолық болып бөлінеді; 16) байланыс саласындағы ұлттық ресурстар - радиожиіліктердің, нөмірлеудің және байланыс жерсеріктері орбиталық позицияларының ресурстары; 17) байланыс қызметтерін көрсету - байланыс операторларының пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсетуге негізделген қызметі; 18) шеткі жабдық - байланыс жолдары бойынша телекоммуникация сигналдарын таратуға немесе қабылдауға арналған, абонент жолдарына қосылған және абоненттердің пайдалануындағы не көрсетілген мақсаттарға арналған техникалық құралдар; 19) байланыс операторы - байланыс қызметін көрсетуге Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заң актісінде белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке немесе заңды тұлға; 20) қалааралық байланыс операторы - қалааралық байланыс жолын, қалааралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі қалааралық телефон байланысы қызметін көрсететін тіркелген байланыс операторы; 21) халықаралық байланыс операторы - халықаралық байланыс жолын, халықаралық коммутация станциясын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі халықаралық байланыс қызметін көрсететін байланыс операторы; 22) қалааралық және халықаралық байланыс операторы - қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын және трафик транзиті мен басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық байланыс қызметін көрсететін тіркелген байланыс операторы; 23) әмбебап қызмет көрсету операторы - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес байланыстың әмбебап қызметін көрсету жөніндегі міндет жүктелген, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде байланыс қызметін көрсететін байланыс операторы; 24) телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймағы - байланыс жолының бойында және байланыс объектілерінің айналасына орналасқан, ондағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса жер учаскесі; 25) телефондық қосылыс қызметіне уақытына қарай ақы төлеу жүйесі (бұдан әрі - қызметке уақытына қарай ақы төлеу жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлемдер сомасы; тұрақты құрамдас бөліктен - абоненттік жолдың түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені үшін төлемақыдан; уақытына қарай құрамдас бөліктен - жергілікті телефондық қосылыстардың берілгені үшін тарифтеу бірлігіндегі іс жүзіндегі ұзақтығына байланысты төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі; 26) байланыс қызметтерін пайдаланушы - байланыс қызметін алатын және немесе заңды тұлға; 27) радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға; 28) почта байланысы - почталық және арнаулы жөнелтілімдерді қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ почталық ақша аударымдары; 29) почта жөнелтімдері - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісті орамадағы баспасөз басылымдары; 30) үкіметтік байланыс - мемлекеттік басқару қажеттері үшін арнаулы қорғалған байланыс; 31) жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) иелікке беру (тағайындау) - радиожиілік спектрін пайдалануға берілетін рұқсат, оны тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға осы рұқсатта көрсетілетін жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) радиоэлектрондық құралдарды қолдана отырып пайдалану үшін береді; 32) телекоммуникацияның (байланыс құралдарының) бір желісін екіншісіне қосу - телекоммуникацияның екі желісі арасында технологиялық әрекеттесуді ұйымдастыру, бұл кезде осы желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасында қосуды іске асыру және ақпарат беру мүмкін болады; 33) трафикті өткізу - байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында қосу және ақпарат беру процесін жүзеге асыру; 34) радиожиілік органдары - жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді, сондай-ақ олардың пайдаланылуына бақылау жасауды осы Заңға сәйкес жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар; 35) радиожиілік спектрі - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы; 36) радиоэлектрондық құрал - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал; 37) нөмірлеу ресурсы - байланыс желілерінде пайдаланылатын нөмірлер жиынтығы; 38) байланыс - ақпаратты, почта және арнаулы жөнелтілімдерді, почталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, сұрыптау, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату; 39) байланыс желісі - байланыс құралдары мен жолдарынан тұратын және телекоммуникацияға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе; 40) жергілікті телефондық қосылыс құнын уақытына қарай есепке алу жүйесі (бұдан әрі - жергілікті телефондық қосылысты уақытына қарай есепке алу) - телекоммуникацияның жергілікті желісінің қызметін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеуді қамтамасыз ететін жергілікті телефондық қосылысты есепке алудың технологиялары мен әдістерінің жиынтығы; 41) абоненттер туралы қызметтік ақпарат - абоненттер туралы мәліметтер (телефон нөмірлері, электрондық почтаның мекен-жайы), биллингтік мәліметтер және абонентке көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер; 42) арнаулы байланыс - почта байланысы ұйымдары жүзеге асыратын әрі заңмен қорғалатын кез келген құпия және құндылықтар, оның ішінде қымбат бағалы металдар, тастар және олардан жасалған бұйымдар бар арнаулы және өзге де жөнелтілімдерді қабылдауды, сұрыптауды, сақтауды, тасымалдауды және жеткізуді (тапсыруды) қамтамасыз ететін курьерлік байланыс түрі; 43) арнаулы жөнелтілімдер - мемлекеттік құпиялар және оларды жеткізушілер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың аса маңызды хат-хабарлары, қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құраушы бөлшектері (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, посылкалар және металл бұйымдар; 44) байланыс құралдары - телекоммуникация хабарламаларын не почта жөнелтілімдерін қалыптастыру, сұрыптау, беру немесе қабылдау үшін пайдаланылатын техникалық және бағдарламалық құралдар; 45) трансляция - телевизия және радио бағдарламаларын тарату үшін таратушы радиоэлектрондық құралдарды, кәбілдік желілер мен радиожиілік спектрінің номиналдарын пайдалана отырып, ақпарат тарату процесін жүзеге асыру; 46) трафик - байланыс құралдарына жүктеме жасайтын шақырулар, хабарламалар мен сигналдар ағысы; 47) телекоммуникацияның әмбебап қызметтері - уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін телекоммуникация қызметтерінің ең аз тізбесі, оны кез келген елді мекенде байланыс қызметінің кез келген пайдаланушысына белгілі бір мерзімде белгіленген сапада және осы қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады; 48) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган; 49) байланыс желісін басқару - байланыс желісінің қызмет істеуін қамтамасыз етуге, оның ішінде жүктеме ағысын (трафикті) реттеуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы; 50) қосу қызметін көрсету - әрекеттес желілердің пайдаланушылары арасында қосуды орнату және ақпарат беру мүмкін болатын, байланыс операторларының байланыс желілерінің арасындағы әрекеттестікті ұйымдастыру қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған қызмет; 51) байланыс қызметтері - почта жөнелтімдері мен арнаулы жөнелтімдерді, почталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, сұрыптау, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет; 52) фельдъегерлік байланыс - мемлекеттік органдардың хат-хабарларын, соның ішінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, тасымалдауды және жеткізуді қамтамасыз ететін үкіметтік курьерлік байланыстың түрі; 53) байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер - байланыс операторлары, арнаулы, ведомстволық және корпорациялық телекоммуникация желілерінің, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелері, радиожиілік спектрін пайдаланушылар болып табылатын радиоэлектрондық құралдар иелері; 54) электр байланысы (телекоммуникация) - белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа электромагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау.
3-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары 1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау
4-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау 1. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады. 2. Байланыс саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
5-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу принциптері мыналар болып табылады: 1) байланыс қызметтерін пайдаланушылардың, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 2) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету үшін жағдайлар жасау; 3) телекоммуникация желілері мен құралдары арқылы хабарламалар тарату еркіндігі, почта жөнелтілімдерін қабылдау, жеткізу және оларды транзитпен жіберу еркіндігі; 4) жеке және заңды тұлғалардың байланыс саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерін пайдалану құқықтарының теңдігі; 5) адал бәсеке; 6) Қазақстан Республикасы аумағындағы бірыңғай стандарттар негізінде желілік технологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, байланыстың сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ету; 7) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, әлемдік байланыс жүйесіне ықпалдасуды кеңейтуге қолдау көрсету; 8) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ету. 6-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негізгі міндеттері Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; 2) байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру; 3) ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру; 4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау. 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі байланыс саласындағы құзыретіне: 1) басым дамудың негізгі бағыттарын айқындау, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру, дамудың салалық бағдарламаларын бекіту; 2) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету, уәкілетті органға осы мәселелер бойынша өкілеттіктер беру; 3) радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиіліктерді және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру; 4) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының қажеттері үшін әзірлеу мен пайдалану тәртібін бекіту; 5) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларын айқындау жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдерін бекіту; 6) байланыс қызметін көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін конкурстар өткізу тәртібін бекіту; 7) Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені және оның құрамын бекіту; 8) Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту; 9) байланыс саласындағы қызметті лицензиялаған кезде лицензия беру шарттарын айқындау және біліктілік талаптарын бекіту; 10) радиожиілік спектрін пайдалана отырып байланыс саласындағы қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақы тәртібі мен мөлшерін айқындау; 11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені, сондай-ақ нысанды киім үлгілерін бекіту; 12) почтамен жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесін айқындау; 13) Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету ережелерін бекіту; 14) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережелерін, олардың тізбесін және тарифтерін қайта баланстау жоспарын бекіту; 15) өзіне Қазақстан Республикасы Конституциясымен, заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады. 8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті 1. Уәкілетті органның құзыретіне: 1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы стандарттау, метрология және сертификаттау қызметтеріне қатысуды қоса алғанда байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету; 2) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру; 3) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары және басымдықтары жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және оны іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және орнықты жұмыс істеуін арттыру; 4) байланыс саласындағы қызметті салааралық үйлестіру; 5) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану; 6) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау; 7) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару; 8) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге тексеру жүргізу тәртібін, олардың қызмет көрсету ережелерін және Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желілерін, Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін құру тұжырымдамаларын әзірлеу және қабылдау; 9) байланыс саласындағы қызметті лицензиялау, соның ішінде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету құқығына лицензия беру; 10) почта ақысы мемлекеттік белгілерінің түрлерін және шығарылу көлемін бекіту; 11) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету бойынша кіру; 12) пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсат етілген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың тізбесін айқындау және тізбеде көрсетілмеген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуге және пайдалануға рұқсат беру құқығын өзінің аумақтық бөлімшелеріне беру; 13) пайдалану құқығына рұқсаты болмаған, техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру; 14) байланыс саласындағы мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру; 15) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желісі технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу; 16) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; 17) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; 18) байланыс саласындағы ұлттық ресурстардың және лицензиаттардың тізімдерін жүргізу; 19) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін бекіту; 20) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функциялар жатады. 2. Аумақтық бөлімшелердің құзыретіне: 1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 2) байланыс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне және радиожиілік спектрінің пайдаланылуына мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылау жүргізуді қамтамасыз ету; 3) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу; 4) байланыс құралдарын пайдалануға қабылдап алу жөніндегі іс-шараларға қатысу; 5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу; 6) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды олар пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсат етілгендер тізбесінде болмаған немесе техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда өшіру; 7) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау; 8) үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, телекоммуникация жолдарының және басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын келісуге қатысу; 9) байланыстың барлық түрлерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, соның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте заңсыз жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдарды анықтау және пайдаланудың жолын кесу мәселелерін шешу кезінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету; 10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады. 9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары 1. Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді жүзеге асыратын радиожиілік органдары мыналар болып табылады: |