«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 ақпандағы
№ 30-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тізбеге сәйкес:
1) нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомство активтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 20 ақпандағы
№ 30-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006
жылғы 10 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық кесімнің атауы | Кесімнің нысаны | Орындау- ға жауап- ты мем- лекеттік орган | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкер- лермен жұмыс комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1115 қаулысына өзгерістер мен толық- тырулар және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі- нің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 қаулысына өзгеріс енгізу туралы | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіметі қаулысы- ның жобасы | Қаржы- мині* | 2006 жылғы наурыз |
2 | «Банкроттық рәсімдерде төлем жасауға қабілеті жоқ борышкер- лердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 сәуірдегі № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіметі қаулысы- ның жобасы | Қаржы- мині* | 2006 жылғы наурыз |
3 | Банкроттық рәсімдерде мүлікті сату жөніндегі сауда-саттықты жүргізу ережесін бекіту туралы | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіметі қаулысы- ның жобасы | Қаржы- мині* | 2006 жылғы наурыз |
4 | Сырттай байқау әкімшісін, оңалту және конкурстық басқару- шыларды даярлау ережесін бекіту туралы | Уәкілет- ті органның бұйрығы | Қаржы- мині* | 2006 жылғы наурыз |
5 | Сырттай байқау әкімшісін тағайындау ережесін бекіту туралы | Уәкілет- ті органның бұйрығы | Қаржы- мині* | 2006 жылғы наурыз |
6 | Оңалту басқарушысының оңалту рәсімдерін жүргізу қорытындыла- ры жөніндегі қорытынды есебін келісу ережесін бекіту туралы | Уәкілет- ті органның бұйрығы | Қаржы- мині* | 2006 жылғы наурыз |
7 | «Банкроттық рәсімдерінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру және бекіту туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі- нің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 1 қазан- дағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Уәкілет- ті органның бұйрығы | Қаржы- мині* | 2006 жылғы наурыз |
8 | «Конкурстық басқарушысын тағайындау және қызметінен шеттету жөніндегі ереженің бекітілуі туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Уәкілет- ті органның бұйрығы | Қаржы- мині* | 2006 жылғы наурыз |
9 | «Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 67 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Уәкілет- ті органның бұйрығы | Қаржы- мині* | 2006 жылғы наурыз |
10 | «Борышкерді соттан тыс тарату банкроттық рәсімдегі конкурстық массаны сату жоспарын қарау және келісу жөніндегі нұсқау- лықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Уәкілет- ті органның бұйрығы | Қаржы- мині* | 2006 жылғы наурыз |
11 | «Оңалту рәсімі, конкурстық іс жүргізу және борышкерді соттан тыс тарату мерзімдерін ұзарту және аяқтау туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Уәкілет- ті органның бұйрығы | Қаржы- мині* | 2006 жылғы наурыз |
12 | «Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу ереже- сін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Уәкілет- ті органның бұйрығы | Қаржы- мині* | 2006 жылғы наурыз |
Ескертпе:
Қаржымині* - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.