Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы (2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 20 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайлары басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, құрылу тәртібін және қызметін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) агент-банк - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк; 2) кепілдік төлемі - "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы; 3) міндетті сақтандыру шарты - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісі негізінде сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты; 4) қатысу шарты - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттармен жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты; 5) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісімен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы; 6) кредитор - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кепілдік төлемін алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы); 7) өтемақы төлемдері - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақылары төлеміне орай қатысушы-сақтандыру ұйымына төленетін ақша сомасы; 8) міндетті жарналар - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары бөлігі түріндегі ақша сомасы; 9) міндетті сақтандыру - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандыру ұйымының міндетті қатысуын көздейтін, Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген міндетті сақтандыру түрі; 10) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын, өзіне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген сақтандыру ұйымы; 11) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - міндетті жарналар есебінен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен олар мәжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымынан алған және тек қана кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша сомасы; 12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі - осы Заңда көзделген, қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені; 13) қатысушы-сақтандыру ұйымы - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы; 14) меншікті капитал - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының оның міндеттемелеріне азайтылған активтері мен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві; 15) уәкілетті орган - сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган; 16) шартты міндеттемелер - қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарды төлеу үшін ол қалыптастыратын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алдындағы міндеттемелері; 17) төтенше жарналар - осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы.
2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының Қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау 3-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау 1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі Қор) қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. Уәкілетті орган Қорға және оның лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен санкциялар және өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы. 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) Қордың және сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 2) қатысу шартының типтік нысанын бекітеді; 3) Қор активтерін инвестициялау тәртібін белгілейді; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4) Қордың есептiлiгiнiң (қаржылық есептіліктi қоспағанда) көлемiн, табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды; 5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3-тарау. Қорды құру және оның қызметі 5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары 1. Қор коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады. Қордың ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылады. 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды 2. Қордың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкiлеттi органмен келісім бойынша Қордың қаржылық есептiлiгiнiң көлемiн, табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды. 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Қордың қызметіне жалпы басшылықты жеті адамнан тұратын директорлар кеңесі жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің құрамына уәкiлеттi органның екi өкiлi, құрылтайшының бiр өкiлi, Қордың қатысушылары-сақтандыру ұйымдарынан екі өкіл, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілі және Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асыратын және уәкілетті орган тағайындайтын Қордың Бас директоры кіреді. 4. Қордың банк шоттары тек қана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады. 6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті Қордың жарғысында белгіленген шекте Қордың директорлар кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады: 1) осы Заңға сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымының Қорға міндетті және төтенше жарналарды төлеу ставкалары мен мерзімдерін белгілеу; 2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны тоқтата тұруды немесе қайтарып алуды қоса алғанда, сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарда көзделген қатысушы-сақтандыру ұйымына инспекторлық тексеру жүргізу және (немесе) оған шектеулі ықпал ету және санкциялар шараларын қолдану туралы уәкілетті орган алдында өтініш жасау жөнінде шешім қабылдау; 3) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы-сақтандыру ұйымының кредиторларына өтем төлеу туралы шешім қабылдау; 4) агент-банкті таңдау; 5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер. Соттың қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде, осы Заңда белгіленген тәртіппен Қор кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.
8-бап. Қордың негізгі міндеті және функциялары 1. Қордың негізгі міндеті қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. 2. Қор негізгі міндетті орындау үшін мынадай функцияларды: 1) осы Заңға сәйкес кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыруды; 2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарын тартуды; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен инвестициялық қызметті жүзеге асырады. 9-бап. Қатысу шартын жасасу 1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, соған сәйкес сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін Қорға қатысуы қажет болғанда, өтініш беруші Қормен қатысу шартын жасасуға тиіс. 2. Өтініш беруші қатысу шартын жасасу үшін Қорға нотариатта куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі; 2) өтініш берушінің статистикалық карточкасының көшірмесі; 3) өтініш беруші жарғысының көшірмесі. 3. Қатысу шартының нысаны, мазмұны және талаптары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және осы Заңның талаптарына сәйкес болуға тиіс. 10-бап. Қатысу шартының міндетті талаптары Қатысу шартында: 1) тараптардың толық атауы, олардың орналасқан жері және банктік деректемелері туралы мәліметтер; 2) шарттың осы Заңға сәйкес келетін нысанасы туралы нұсқама; 3) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттері; 4) міндетті және төтенше жарналарды төлеу, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыру тәртібі; 5) кредиторға кепілдік төлемінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру талаптары мен тәртібі; 6) осы Заңның 16-бабының талаптары сақталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларымен міндетті сақтандыру шарттарын жасасу тәртібі мен талаптары; 7) кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту жағдайлары мен негіздемелері; 8) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелерін орындайтын Қорға кредитор құқығының өтуі туралы талаптар; 9) қатысу шартын тоқтату талаптары; 10) тараптардың қатысу шартын бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы талаптар; 11) Қордың өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі болуға тиіс. Қатысу шарты: 1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген жалпы негіздерде; 2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес сақтандыру ұйымына Қорға қатысу және міндетті сақтандырудың осы түрлері бойынша жасалған міндетті сақтандыру шарттарының қолданылуын тоқтату міндеті жүктелген міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымы тоқтатқан жағдайда тоқтатылады. 12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі. Қордың қарыз алуы 1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы қатысу шартына сәйкес міндетті және төтенше жарналарды төлеуге міндетті. Міндетті жарналардың ставкасын Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымдары бойынша өткен қаржы жылы үшін сақтандырудың міндетті түрлері бойынша орташа айлық сақтандыру төлемдерінің ең жоғары мөлшері негізінде Қор жыл сайын айқындайды. Міндетті жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 2. Міндетті жарналардың мөлшері сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі және міндетті жарналардың ставкасы негізге алына отырып есептеледі. 3. Кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін резерв жетіспеген жағдайда Қор өзінің меншікті капиталын пайдаланады. Бұл ретте Қордың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін резервтен асатын кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстары қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарының есебінен олардың шартты міндеттемелері шегінде өтелуге тиіс. 4. Қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері ағымдағы есепті кезеңде сақтандырудың міндетті түрлері бойынша Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміндегі ол жасаған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне бара-бар айқындалады. Төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 5. Кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, өзге де ұйымдардан заемдар тартуға не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасынан аспайтын ставка бойынша олардың кепілдік беруімен қарыз алуға құқылы. Қарыздар қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге тиіс. 6. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын міндетті және төтенше жарналар төлеуден босатпайды. 7. Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап ол міндетті және төтенше жарналар төлеуден босатылады. 13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру 1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы шартты міндеттемелерді қалыптастыруға және олардың есебін жүргізуге міндетті. Шартты міндеттемелердің мөлшерін Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы сақтандырудың міндетті түрлері бойынша оның сақтандыру сыйлықақысының көлемін және шартты міндеттемелер ставкасын негізге ала отырып есептейді. 2. Шартты міндеттемелердің ставкасын Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары бойынша өткен қаржы жылындағы сақтандырудың міндетті түрлері бойынша айлық сақтандыру сыйлықақыларының ең жоғары мөлшері негізінде Қор жыл сайын айқындайды. Шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және есепке алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау 1. Міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеген, уақтылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті. 2. Уәкілетті орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабарлама алған жағдайда мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы. 5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары 15-бап. Кепілдік төлемін жүзеге асыру негіздері және тәртібі 1. Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап кредитордың Қордан кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде талап ету құқығы туындайды. Бұл ретте, кредиторлар мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін төлеуден заңсыз (толық немесе ішінара) бас тартқанда не толық көлемінде жүзеге асырмағанда, оның ішінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны қайтарып алуға және оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енгенге дейінгі кезеңде де міндетті сақтандыру шарттары бойынша барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдерін алуға құқылы. 2. Қор міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандырудың міндетті түрі бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен, шекте және мерзімде кепілдік төлемін жүзеге асырады не кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тартады. Кепілдік төлемі кредитордың моральдық залалын, алынбаған пайдасын, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық айыбын жаппайды. 3. Кредитордың міндетті сақтандыру шарты бойынша Қордың кепілдік төлемімен жабылмаған зиянын кредитор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымынан Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен дербес өндіріп алуы мүмкін. 4. Кредитордың кепілдік төлемін жүзеге асыру бойынша Қордан талап ету құқығы туындаған жағдайда, кредитор Қорға жазбаша өтініш беруге құқылы. Өтінішке Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісінде көзделген, сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар қоса берілуге тиіс. 5. Кредиторларға кепілдік төлем кредитордың банктік шотына қолма-қол жасалмайтын нысанда не қолма-қол ақшамен тікелей Қор немесе агент-банк арқылы жүзеге асырылады. 6. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлемін жүзеге асырған күннен бастап кредитордың міндетті сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлемі көлемінде Қорға ауысады. Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына (бұдан әрі тарату комиссиясы) ұсынады. 16-бап. Сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тәсілдері 1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру жағдайы басталмаған және қолданылу мерзімі аяқталмаған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы тізілімге мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату туралы жазба енгізілгенге дейін көрсетілген шарттың аяқталмаған қолданылу кезеңіне міндетті сақтандыру шартын жасау үшін қатысушы-сақтандыру ұйымына өтініш жасауға құқылы. Бұл ретте сақтанушы, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен тарату басталған кезге дейін жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын толық төлемеген жағдайларды қоспағанда, қатысушы-сақтандыру ұйымына сақтандыру сыйлықақыларын және өзге де төлемдерді төлемейді. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде қатысушы-сақтандыру ұйымы міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша Қазақстан Республикасының заң актісінде көзделген көлемде осындай шарт бойынша жауапты болады. Қатысушысақтандыру ұйымының мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларына міндетті сақтандыру шарты қолданыста болатын аяқталмаған кезеңге міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқығы жоқ. 2. Қабылданған сақтандыру шарттары бойынша қатысушысақтандыру ұйымының осы Заңға сәйкес өтемақы төлемдеріне құқығы бар. 3. Егер қатысу шартында өзгеше көзделмесе, Қор қатысушысақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандырушысымен жасасқан міндетті сақтандырудың шарттары бойынша міндеттемелерді қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтемақы төлемдерін жүзеге асырады. 4. Қор сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларына басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарды, сондай-ақ мекен-жайларын көрсете отырып, сақтанушылар мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шартының аяқталмаған қолданылу кезеңіне жаңа міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін өтініш жасауға құқылы қатысушы-сақтандыру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында жариялайды. 17-бап. Қордың кепілдік беруін тоқтату Қордың кепілдік беруі: 1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемін жүзеге асырған; 2) міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталған; 3) сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан шартының аяқталмаған қолданылу кезеңіне басқа қатысушы-сақтандыру ұйымымен жаңа міндетті сақтандыру шартын жасасқан; 4) мемлекеттік тізілімге мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату туралы жазба енгізілген жағдайларда тоқтатылады. 6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері 18-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері 1. Қор: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті және төтенше жарналар төлеуді талап етуге; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату ісін жүргізуге қатысуға және тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы сот алдында өтініш жасауға; 3) тарату комиссиясынан және кредитордан Қордың міндеттерін іске асыруға қажетті ақпарат беруді талап етуге; 4) уәкілетті органнан қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қаржылық жай-күйі, қатысушы-сақтандыру ұйымы жасасқан міндетті сақтандыру шарттарының саны туралы мәліметті және сақтандыру құпиясын және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, өзге де қажетті ақпаратты сұратуға; 5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісінде көзделген жағдайларда кредиторға кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. 1) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандыру ұйымымен қатысу шартын жасасуға; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен активтерді қаржы құралдарына инвестициялауға; 3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, көлемде және мерзімде уәкілетті органға өзінің қызметі туралы қаржылық есеп беруге; 4) қатысу шартына сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымдарына өзінің жылдық балансы мен қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебін беруге; 5) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында өзінің жылдық балансын жариялауға; 6) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібін, сондай-ақ олардың шартты міндеттемелер қалыптастыруын бақылауды жүзеге асыруға; 7) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелері бойынша кредиторларға осы Заңда көзделген тәртіппен кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға; 8) аудит өткізуге; 9) сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын бұзуының өзіне мәлім болған фактілері жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге; 10) кредиторға кепілдік төлемінің жүзеге асырылғаны туралы тарату комиссиясына хабарлауға; 11) осы Заңда белгіленген тәртіппен, мөлшерде және мерзімде өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға; 12) өз функцияларын жүзеге асыру процесінде сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы өздеріне мәлім болған бүкіл ақпаратты тек қана қызмет мақсаттарында пайдалануға міндетті. 3. Қордың Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады. |