|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: 1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бөлшек сауда - дәрігердің рецепті бойынша жеке тұтыну үшін есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату; 2) есірткілер - есірткі немесе психотроптық заттар ретінде жіктелген, оларды теріс пайдаланғанда туындауы мүмкін зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшін ықтимал қаупі бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген өсімдіктер, заттар немесе препараттар; 3) есірткі заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен қоса 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар; 4) есірткі және психотроптық зат тектестер - құрылымы мен қасиеттері жағынан І, II, III кестелерге енгізілген заттарға ұқсас, еліртетін, күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін, химиялық құрылымы мен қасиеттері бар, оларды теріс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшін қауіпті және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есірткі немесе психотроптық заттар ретінде бекітілмеген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар; 5) есірткі, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативі (бұдан әрі - қамтамасыз ету нормативі) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшін заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны; 6) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есірткі бар өсімдіктерді егуге, жинауға және дайындауға, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеуге, өндіруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері; 7) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - өзіне берілген құзырет шегінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестіретін орган; 8) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке өткізілуі; 9) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндіруді қоспағанда, жүргізілуінің көмегімен есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкін барлық процестер, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы; 10) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы; 11) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру - химиялық заттардан және (немесе) өсімдіктерден не басқа есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс; 12) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесінде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын іс-әрекет, сондай-ақ олардың негізінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу; 13) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану; 14) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегінде есірткі, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөніндегі кез келген іс-әрекеттер; 15) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативі (бұдан әрі - тұтыну нормативі) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшін қажетті, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлімделген белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны; 16) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзиті - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке үшінші мемлекеттің аумағы арқылы өткізілуі; 17) есірткі немесе психотроптық заттарды теріс пайдалану (есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтыну) - есірткі немесе психотроптық заттарды дәрігердің тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну; 18) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымда жүргені анықталған шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейіннен әкімшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негіз болып табылатын (шағын, ірі, өте ірі) мөлшердегі белгіленген түрлерінің тізбесі (2-қосымша); 19) көтерме сауда - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ірі топтарын сату; 20) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі (бұдан былай - Тізім) - халықаралық Конвенциялар негізінде нөмірленген және тиісті кестелер мен тізімге біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі (1-қосымша); 21) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру - апиын көкнәрі мен сораны (каннабисті), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген, құрамында есірткі бар басқа да өсімдіктерді егу және өсіру; 22) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар өсімдіктерді жинау - халықаралық Конвенцияларға сәйкес Тізімге енгізілген, құрамында есірткі бар жабайы өсетін немесе егілетін өсімдіктерді жинау; 23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелері - заңда белгіленген тәртіппен наркологиялық көмек көрсететін мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлімшелер немесе кабинеттер); 24) мәжбүрлеп емдеу - нашақорлықпен ауыратын адамды ерікті түрде емделуден жалтарған не есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтынуын жалғастырған жағдайда сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу; 25) медициналық куәландыру - есірткіден мастану күйін анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру; 26) медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден немесе емдеуден жалтару - есірткі немесе психотроптық заттарды теріс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары қызметкерінің медициналық куәландыруға немесе тексеруге қатысты өкімін қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрігердің белгілеулері мен ұсынымдарын орындамауы; 27) медициналық тексеру - «нашақорлық» деген диагноз қою немесе оны теріске шығару мақсатында адамды стационарлық жағдайда тексеру; 28) нашақорлық - организмнің физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын есірткі немесе психотроптық заттарға не сол тектестерге тәуелді болуға байланысты ауру; 29) нашақорлықпен ауыратын адам (нашақор) - қандай да болсын есірткі, психотроптық заттарға немесе сол тектестерге физикалық және (немесе) психикалық тәуелді, белгіленген тәртіппен медициналық мекеме «нашақорлық» деген диагноз қойған адам; 30) өз еркімен емдеу - нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есірткіге шектен тыс салынудан науқастың өзінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен емдеу; 31) прекурсорлар - есірткі және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде БҰҰ-ның Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген заттар; 32) препарат - Тізімге енгізілген, құрамында бір немесе бірнеше есірткі, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегі қоспа; 33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар; 34) уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздеріне берілген құзырет шегінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар; 35) уытқұмарлық - есірткі және психотроптық заттардың әсеріне ұқсас психикалық елірме әсер туғызатын және республикалық заңнамалық актілер мен халықаралық Конвенциялардың Тізімдеріне енбейтін дәрілік препараттар мен табиғаты әртүрлі дәрілік емес заттарды шектен тыс пайдалану.»; 1-тармақта: екінші бөліктегі «екі тізімнен» деген сөздер «тізімнен» деген сөзбен ауыстырылсын; сегізінші бөлік алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Препараттарға қатысты олардың құрамындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты белгіленетін бақылау түрлері көзделеді. Егер препараттың құрамында бір емес, бірнеше есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар болса, оған бақылаудың неғұрлым қатаң шараларына жататын есірткі, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатын бақылау қолданылады. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауіп төндіретін және олардан аталған заттар оңай әдістермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды. Аталған препараттардың Тізімін, оларды бақылаудан алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»; 15) тармақша алып тасталсын; 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «18) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар, нұсқамалар енгізеді;"; мынадай мазмұндағы 19) - 23) тармақшалармен толықтырылсын: «19) уәкілетті органдармен бірлесе отырып, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылдарды әзірлейді және іске асырады; 20) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына қарсы күресті үйлестіреді; 21) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 22) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 23) өз құзыреті шегінде есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласында инвестициялар, техникалық көмекті тартуды және олардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»; 4) 6-баптың 8) тармақшасындағы «заңды және жеке тұлғаларды» деген сөздер «жеке және заңды тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы «16, 17, 18,»деген цифрлар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы бақылаудағы және есірткі, психотроптық заттарды өндіру мен дайындау үшін пайдаланылатын аспаптардың, жабдықтардың тізбесін, сондай-ақ оларды әзірлеу, өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, жөнелту, босату, сату, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету ережелерін белгілейді.»; 6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын: «8-бап. Мемлекеттік квоталар 1. Тізімге енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттік квота - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын қажеттілік есебі, лицензиясы бар заңды тұлғалар олардың айналымын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес осы қажеттілік шегінде жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік квота Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Мемлекеттік квота заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі күнтізбелік жылға өтінім жасаған белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар мөлшерін қамтиды. 3. Заңды тұлғалар келесі күнтізбелік жылға арналған тұтыну нормативін бекітуге өтінімдерді уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынады. 4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеуді не құрамында есірткі, психотроптық заттар мен (немесе) прекурсорлар бар препараттар немесе дәрілік заттар өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар: 1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға келесі күнтізбелік жылға арналған тұтыну нормативін бекітуге өтінімдерді ұсынады; 2) қамтамасыз ету нормативіне сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатуды жүзеге асырады. 5. Уәкілетті органдар келесі күнтізбелік жылға арналған жиынтық тұтыну нормативін бекіту үшін есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға жинақтап қорытылған өтінімдерді жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынады. 6. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган: 1) заңды тұлғалардың тұтыну нормативтері өтінімдерінің негізділігін тексереді; 2) бекітуге өтінім жасаған тұтыну нормативтерін жинақтайды және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аталған тұтыну нормативтерін бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді; 3) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын бақылаудағы заңды тұлғаларға қамтамасыз ету нормативтерін бөледі. 7. Қамтамасыз ету нормативін үлестік бөлу Тізімге енгізілген барлық есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар өтінім жасаған, құрамында аталған заттар бар өнімдерге қатысты жүзеге асырылады.»; тақырыбындағы»(дайындау)»деген сөз» , дайындау, өңдеу» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ «өндіруді» деген сөзден кейін», дайындауды, өңдеуді» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақ «өндіретін» деген сөзден кейін», дайындайтын, өңдейтін» деген сөздермен толықтырылсын; «және пайдаланудың» деген сөздер алып тасталсын; «соған уәкілетті мемлекеттік органдар» деген сөздер «есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «және психотроптық заттар» деген сөздер», психотроптық заттар мен прекурсорлар» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы», психотроптық заттар», «және психотроптық заттар» деген сөздер тиісінше», психотроптық заттар мен прекурсорлар» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «Есірткі және психотроптық заттар» деген сөздер «есірткі психотроптық заттар мен прекурсорлар» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы», психотроптық заттар» деген сөздер» , психотроптық заттар мен прекурсорлар» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақ алып тасталсын; 1-тармақтағы «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Yкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «есірткі заттар» деген сөздер «есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Оқыс оқиғаларда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ғана пайдаланылатын құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, Тізімге енгізілген дәрілік препараттар: 1) азаматтық мақсаттағы көлікте; 2) тактикалық сабақтарға (жүзу ауданына) және даладағы (теңіздегі) оқу-жаттығуларына шығу кезінде әскери машиналарда (кемелерде); 3) ұшу кезінде ұшу аппараттарындағы ұшқыштың дәрі қобдишасында; 4) мемлекеттік мекемелердің, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шұғыл көмек шкафтарында (қаттағыштарында) болуы мүмкін. Оларды қолдануға рұқсатты және есепке алу тәртібін есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленді.»; 11) 21-баптың 1-тармағындағы «есірткі» деген сөз «есірткі заттар» деген сөздермен ауыстырылсын; тақырыбы «заттар» деген сөзден кейін «мен прекурсорлар» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсімдіктерді өсіру мен жинауға және оларды өнеркәсіптік, медициналық, оқу және ғылыми мақсаттар үшін пайдалануға қызметтің осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мемлекеттік квотадан аспайтын көлемде рұқсат беріледі.»; 3-тармақтағы «және психотроптық заттары» деген сөздер», психотроптық заттар мен прекурсорлар» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: «және психотроптық заттар» деген сөздер», психотроптық заттар мен прекурсорлар» деген сөздермен ауыстырылсын; «өнеркәсіптік және медициналық мақсатта» деген сөздер «өнеркәсіптік, оқу, ғылыми және медициналық мақсаттарда» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын: 29-бап. Бақылау мақсатында сатып алу 1. Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық әрекетке дәлелдер алу үшін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерлерінің өз құзыреті шегінде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды бақылау мақсатында сатып алуды жүргізуге құқығы бар. 2. Бақылау мақсатында сатып алуды жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»; бірінші бөліктегі «1997» деген цифр «1998» деген цифрлармен ауыстырылсын; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі төрт кестеден және тізімнен тұрады. І, II және III кестелердегі заттардың атаулары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған халықаралық тіркелмеген атауларға, 1961 жылғы Есірткі заттар туралы Бірыңғай Конвенцияда, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияда көрсетілген атаулар мен сипаттамаларға, сондай-ақ басқа да тіркелмеген атауларға сәйкес келеді. Төменде олардың сипаттамасы немесе химиялық атауы келтіріледі.»; төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «II кестеге медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылаудағы (1961 жылғы Конвенцияның І тізімнің бөлігі, II тізімі және 1971 жылғы Конвенцияның II тізімі) есірткі және психотроптық заттар енгізілген.»; сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Есірткі немесе психотроптық заттарға олардың препараттары да жатады, олардың атаулары (синонимдері) Тізімге енгізілмеген.»; І кестеде: А бөлімінде: 21-тармақ алып тасталсын; 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «34. МАРИХУАНА (КАННАБИС) (CANNABIS) - Саnnabis тектес өсімдіктің уақталған немесе уақталмаған жоғары бөліктері - кептірілген немесе кептірілмеген түрдегі жапырақтары мен гүлшоғырлары;»; 63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «63. КАННАБИС (СОРА) ӨСІМДІГІ - құрамында тетрагидроканнабинол бар (егер олар өсімдіктің өзімен немесе өсімдіктің басқа бөліктерімен бірге болмаса, тұқымы мен тамырын қоспағанда) Саnnabis тектес кез келген өсімдік;»; II кестеде: А бөлімінің 15, 29-тармақтары алып тасталсын; В бөлімінің 9-тармағындағы «(натрий-этаминалы, нембутал)» деген сөздер алып тасталсын; III кестеде: В бөлімінде: 5-тармақтағы «НАТРИЙ БАРБИТАЛЫ (ВАRВІТАL SODIUM)»деген сөздер алып тасталсын; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Гамма-оксимайлы қышқыл (ГОМҚ);"; 41-тармақтағы»(нозепам)»деген сөз алып тасталсын; ескерту мынадай редакцияда жазылсын: «Ескерту. Осы Кестеде тізіп көрсетілген заттардың тұздары, мұндай тұздардың болуы мүмкін барлық жағдайларда.»; Қазақстан Республикасында бақылаудан алып тасталған, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар көп компонентті дәрілік препараттар тізімі алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2006 жылғы наурыздың 2-сі. № 130-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |