«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан
Астана қаласына көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 159 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 14 наурыздағы
№ 159 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін
Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с N | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Жауапты орын- аушылар | Орындау мерзімi | Болжамды шығыс- тар, мың теңге | Қаржы- лан- дыру көзi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | 2006 жылға арналған республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру жөніндегi іс-шараларды жүргізуге қосымша қаражат бөлу жөнінде Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | СА, ЭБЖМ | 2006 жылғы наурыз | Талап етіл- мейдi | |
2. | "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулысының жобасын әзірлеу | ҚазақстанРеспубли- касының Үкіметi қаулы- сының жобасы | СА | 2006 жылғы 3-тоқсанішінде | Талап етіл- мейді | |
3. | Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру жөнінде комиссия құру | СА-ның бұйрығы | СА | 2006 жылғы наурыз | Талап етіл- мейдi | |
4. | Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін және Республикасының "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын орналастыру үшін Астана қаласы Министрліктер үйінің әкімшілік ғимаратында (жаңа орталық) үй-жай бөлу мүмкіндігін қарастыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | ҚР ПІБ (келісім бойынша) | 2006 жылғы маусым | Талап етіл- мейдi | |
Ескертпе:
Қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланады.
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi
ҚР ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы.