«Туристiк қызметтi лицензиялау ережесін бекіту туралы» (2005.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 15 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн: 1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы ережеге қосымшада: 1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "11) туристiк операторлық қызмет 5 туристiк агенттiк қызмет 15 экскурсиялық қызмет 5 туризм нұсқаушысының қызметiн көрсету 1"; 2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: реттік саны 36-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "туристік операторлық қызмет, туристік агенттік қызмет, экскурсиялық қызмет, туризм нұсқаушысының қызметін көрсету"; 3) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. "Туристiк қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 ақпандағы № 179 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 71-құжат) 1 және 2-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1213 қаулысымен бекітілген Туристiк қызметті лицензиялау ережесi 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы ереже "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заң), "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (бұдан әрi - "Лицензиялау туралы" Заң), өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың - лицензиардың туристiк қызметтi (туроператорлық, турагенттiк, қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебiн жүргiзуiн белгiлейдi. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгiленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы берiледi. 3. Шетелдiк заңды тұлғалар және олардың Қазақстан Республикасының аумағында құрылған әрi турагенттiк қызметтi жүзеге асырушы филиалдары мен өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының туристiк ұйымдарына арналған сондай шарттармен және тәртiппен лицензиялануы тиiс. ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Туристiк қызметтi (туроператорлық, турагенттiк, және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн) жүзеге асыру құқығы үшiн берiлетiн лицензия бас лицензия болып табылады. 5. ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Өтiнушi лицензия алғаннан кейін лицензия берiлген кезден бастап жетi ай iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбеге сәйкес көрсетілетiн туристiк қызметтерге сертификат алуға мiндеттi, содан кейiн олардың көшiрмелерiн лицензиарға тапсырады. 2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары 7. Лицензия мынадай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі: 1) туроператорлық; 2) турагенттiк; 3). ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуi. ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 7-1 тармақпен толықтырылды 7-1. Лицензияны облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган лицензиатқа заңды тұлғалар үшiн - оның әдiлет органдарында тіркелген жері бойынша, жеке тұлғалар үшiн - салық органдарында тiркелген жерi бойынша бередi. 8. Заңды тұлға-өтiнушiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi соның құрамында лицензияланады. Филиал немесе өкiлдiк туралы ереже мен тiркеу құжаттары лицензиарға көрсетiлуi тиiс. ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Лицензиат қызметтiң осы түрiмен айналысатын филиалдар (өкiлдiктер) ашқан жағдайда лицензиат филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелу орны бойынша орналасқан лицензиарға филиалдардың (өкілдiктердiң) осы Ереженiң 22, 23, 25-тармақтарында белгiленген біліктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады. Бұл ретте лицензиар он шешiм қабылданғаннан кейiн филиалдардың (өкілдiктердiң) орналасқан жерiн көрсете отырып, лицензияға қосымшаны ресiмдейдi. ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Лицензия өтiнiш берушiге немесе оның уәкiлеттi өкiлiне сенiмхат негiзiнде берiледi. 11. Лицензия бiр данада берiледi, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтiнiш бойынша төлқұжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысу құқығы үшiн алым (бұдан әрi - лицензиялық алым) төлейдi. 12. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайда, ол бiр ай iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап лицензиар он күн ішiнде лицензияны қайта рәсiмдейдi. 13. Лицензия "Лицензия туралы" Заңмен белгiленген мерзiмге берiледi. 14. Лицензиардың басшысы не осыған уәкiлетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрiмен куәландырылады. 15. Туристiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысу құқығына лицензия өтiнушiге осы Ереженiң 3-бөлiмiнде көрсетiлген білiктілік талаптарына сай келген жағдайда берiледi. 16. Туроператорлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет: 1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш; 2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат; ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) жарғының, заңды тұлғаның тiркелгенi туралы куәлiктiң және статистикалық кәртiшкенiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 4) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгiн растайтын құжат; 5) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн растайтын құжат не туристердi орналастыру орындарды, туристiк жарақтар, көлiк ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт; 6) білімi және жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшiрмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тiзiмi; 7) туристiк қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлікті сақтандыру шартының көшiрмесi; 8) тасымалдаушымен шарттың көшiрмесi; 9) туристiк жолдаманың және турист жаднамасының көшiрмесi; ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10) экскурсиялық қызметтi жүзеге асыратын, оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылардың (жолбасшы-аудармашылардың), экскурсия жүргiзушiлердiң тiзiмi бар туристiк ұйыммен шарттың көшiрмесi; 11) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсiлтегiштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар); 12) туристiк бағыттардың тiзiлiмi; 13) туристерге қызмет көрсету бағдарламасы; 14) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристiк қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісi; 15) туристерге арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат. 17. Турагенттiк қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет: 1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш; 2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат; ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) мыналардың: жарғының, мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң (заңды тұлғалар үшiн), жеке куәлiктiң, жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiктiң немесе патенттiң (жеке тұлғалар үшiн) нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; 4) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгін растайтын құжат; 5) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн растайтын құжат не туристердi орналастыру орындарды, туристiк жарақтар, көлiк ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт; 6) білімi және жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшiрмесiн қоса отырып, қызметкерлердiң тiзiмi; 7) туристiк қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартының көшiрмесi; 8) тасымалдаушымен шарттың көшірмесі; 9) туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі; 10) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар); 11) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгiсi; 12) туристерге арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат. 18. ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш; 2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат; 3) жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн); 4) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгiн растайтын құжат; 5) штаттағы немесе шарт негiзiнде тартылатын кәсiби даярланған адамдар: оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушiлер тiзiмi; 6) әзiрленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары; 7) туристерге қызмет көрсетуге арналған меншiктi немесе жалға алынған көлiгi бар екендiгiн растайтын құжат. 19. Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет: 1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш; 2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат; 3) тиiстi кәсiптiк дайындығын, біліктiлігiн және туристiк бағыттармен жүрiп өту тәжiрибесiн растайтын құжаттар; 4) әзiрленген туристiк бағыттардың карта-сызбалары және сипаттамалары; 5) денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтама. 20. Өтiнушi ұсынылған құжаттардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жауаптылықта болады. ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 21- тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 21. ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 22. Туроператорлық қызметті лицензиялау кезiнде өтiнушiге қойылатын біліктілiк талаптары мыналардың болуын қамтиды: 1) жарғыда туристiк қызметтi негiзгi ретiнде бекіту; 2) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгін растайтын құжат; 3) туристiк қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шарты; 4) туристік білімi немесе туризм саласында кемiнде бiр жыл нақты жұмыс тәжiрибесi бар қызметкерлер; 5) туристiк бағыттардың тiзiлiмi; 6) туристерге қызмет көрсету бағдарламалары; 7) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристiк қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгiсi; 8) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн растайтын құжат не туристердi орналастыру орындарды; туристiк жарақтар; көлiк ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты; ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) экскурсиялық қызметте жүзеге асыратын, оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылардың (жолбасшы-аудармашылардың), экскурсия жүргiзушiлердiң тiзiмi бар туристiк ұйыммен шарт; 10) тасымалдаушымен шарттар; 11) туристiк жолдама, турист жаднамасы; 12) туристке арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат; 13) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсiлтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар). 23. Турагенттік қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: 1) жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту (заңды тұлғалар үшін); 2) кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат; 3) туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты; 4) туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір жыл нақты жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер; 5) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгiсi; 6) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн не туристердi орналастыру орындары; туристiк жарақтар; көлiктi ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты; 7) тасымалдаушымен шарттар; 8) туристiк жолдама, турист жаднамасы; 9) туристке арналған келетiн және баратын елi туралы ақпарат; 10) жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсiлтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар). 24. ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 1) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгiн растайтын құжат; 2) штаттағы немесе шарт негiзiнде тартылатын кәсiби даярланған адамдар: оқу орнын (тиiстi курстарды) бiтiргендiгi туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргiзушілер; 3) әзiрленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары; 4) туристерге қызмет көрсету үшiн меншiктi немесе жалға алынған көлiк. 25. Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн лицензиялау кезiнде өтiнушiге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: 1) кәсiптiк дайындығын, біліктілігiн және туристiк бағыттармен жүрiп өту тәжiрибесi; 2) әзiрленген туристiк бағыттар; 3) денсаулығының психикалық жай-күйi туралы медициналық анықтама. ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) меншiктi немесе жалға алынған туристік жарақтар.
4. Лицензия беруден бас тарту, лицензияны тоқтату, қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру 26. Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады егер: ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) туроператорлық, турагенттік, қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызметiн көрсетудi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен адамдардың осы санаттары үшiн тыйым салынса; 2) лицензия алу үшiн қажеттi құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептердi өтiнушi жойған ретте, өтiнiш оны алу үшiн көзделген жалпы негiздерде қаралады; 3) лицензиялық алым енгiзiлмесе; 4) өтiнушi біліктілік талаптарына сай келмесе; 5) өтiнушiге қатысты оның осы қызмет түрiмен айналысуына тыйым салынған сот шешiмi бар болса. ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 853 қаулысымен 7- тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 27. Турагенттiк, туроператорлық қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызметiн көрсетудi жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартылған жағдайда, өтiнушiге бас тарту себептерi көрсетiлген жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi. 28. Егер заңнамамен белгiленген мерзiмде лицензия берiлмеген жағдайда немесе лицензия беруден бас тартуды өтiнушi негiзсiз деп тапса, ол бiр ай мерзiмде лицензиардың iс-әрекетiне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 29. Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе өтiнушiнiң құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу заңнамада белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады. 30. Лицензияны басқа заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынады. 31. Лицензия өз күшiн мына жағдайларда тоқтады: 1) лицензияның қайтарып алынуы; 2) азаматтың кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы. 32. Лицензияны қайтарып алу және оның күшiн тоқта тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген тәртiпте және негiздерде жүзеге асырылады. 33. Лицензияның күшін тоқтату туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 34. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылғаннан кейін лицензияның күші қалпына келеді. 35. Лицензиар берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізеді. 36. Осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады. 37. Лицензиар осы Ереженің сақталуын тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізеді. |