Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері Қазақстан (2005.09.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 15 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi лицензиялау ережесi; 2) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн. 2. ҚР Үкіметінің 24.06.02 ж. № 689 қаулысымен алып тасталды 3. ҚР Үкіметінің 24.06.02 ж. № 689 қаулысымен алып тасталды 4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күннен кейiн күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1389 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер 1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы ережеге қосымшада: 1-бағанда реттiк нөмiрi 1-жолдың 9-тармақшасындағы "жылжымайтын мүлiктi" деген сөздер "мүлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 17-жолдағы 3-бағанда "нотариалдық" деген сөзден кейiн "қызмет" деген сөзбен толықтырылсын; "және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету және жылжымайтын мүлiктi бағалау" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 17-1-жолмен толықтырылсын: "17-1. Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызметпен Әдiлет министрлігі байланысты емес Тiркеу қызметi комитетi ақылы заң қызметiн көрсету, мүлiктi бағалау". 3. ҚР Үкіметінің 2005.25.07. № 773 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1389 қаулысымен бекітілген Мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi лицензиялау ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия берудiң тәртібін, лицензия алуға өтiнiш берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгiлейдi. 2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар: Лицензиар - мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар берудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi. Лицензиаттар - берiлген лицензияларға сәйкес мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. Шетелдiк заңды тұлғалар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына қойылатын шарттарда және тәртiппен лицензия алады. Лицензия - мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаларға Лицензиар беретiн рұқсат. 3. Лицензиар Лицензиаттар туралы, сондай-ақ берiлген, тоқтатыла тұратын және қайтып алынған лицензиялар туралы мәлiметтер енгiзiлетiн Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзедi. Тiзiлiм жүргiзудiң нысаны мен тәртібін Лицензиар белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия қосымшасымен бірге берiледi. Лицензияға қосымшада бағалауды Лицензиат жүзеге асыруға құқылы мүліктердің түрлері көрсетiледi, атап айтқанда: 1) мүлiктi бағалау (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және/немесе, 2) зияткерлік меншiктi, материалдық емес активтердің құнын бағалау. Қосымшасында «мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда)» көрсетiлген лицензияның негiзiнде жылжымайтын мүлiктi (мүлік кешенi ретіндегi кәсiпорынды қоспағанда) бағалау, жылжымалы мүлiктi (ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау жүзеге асырылады. Қосымшасында «зияткерлік меншiкті, материалдық емес активтердiң құнын бағалау» көрсетілген лицензияның негiзiнде зияткерлiк меншiк құқығы объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жүзеге асырылады. Қосымшасында 1) және 2) тармақшаларға сәйкес мүлiктiң түрлерi көрсетiлген лицензияның негiзiнде жылжымайтын мүлiктi бағалау, жылжымалы мүлiкті бағалау, бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы жарналарды, үлестердi (салымдарды) бағалау, зияткерлік меншiк объектілерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау, сондай-ақ мүлiк кешенi ретіндегі кәсiпорынды бағалау жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен 4-1 тармақпен толықтырылды 4-1. Мүлiктi бағалау жөнiндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия қолданылуы шектеусiз мерзiмге берiледi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады. ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Лицензия мен қосымшасының бланкілерi қатаң есептегі бланкілер болып табылады, олардың тiркеу нөмiрi болады. ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Лицензиар лицензиялар мен қосымшалары бланкiлерiнiң есебiн алуды және сақтауды жүзеге асырады. 7. Мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия осы Ережеде қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретiн жеке немесе заңды тұлғаларға берiледi. 8. Жеке адамдар лицензия алу үшiн Лицензиарға мынадай құжаттарды: 1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi; 2) мүлiктi бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлегендiгi туралы түбiртектi және/немесе төлем тапсырмасының көшiрмесiн; 3) нотариалды куәлендiрiлген еңбек кiтапшасының көшiрмесiн немесе осы Ережемен белгiленген біліктілік талаптарына сәйкес еңбек өтілін растайтын өзге де құжатты; 4) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары берген дипломдардың нотариалды куәлендiрiлген көшiрмелерiн не Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде немесе халықаралық шарттарында (келісімдерде) көзделген тәртiппен және талапта шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасында танылған дипломдарының нотариалды куәлендiрiлген көшiрмелерiн; ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен 5)-тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) жеке адамның бағалауды жүргiзуге қатысқанын не оны еңбек өтілінiң бір жылында кемiнде төрт рет жүзеге асырғанын растайтын құжаттарды. Қосымшасында «зияткерлік меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау» көрсетiлген лицензияны алуға үміткер өтiнiш берушiлер үшiн бағалауды жүргiзуге қатысқанын не оны еңбек өтілінiң екі жылында кемiнде төрт рет жүзеге асырғанын растайтын құжаттарды 6) тиiстi мамандандыру бойынша дайындықтан өткендiгiн растайтын құжаттардың нотариалды куәлендiрiлген көшiрмелерiн (егер олардың болуы біліктілік талаптарымен көзделсе) ұсынады. 9. Заңды тұлғалар лицензия алу үшiн Лицензиарға мынадай құжаттарды: 1) белгiленген үлгiдегi өтiнiштi; 2) мүлiктi бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлегендiгi туралы төлем тапсырмасының түбiртегiн және/немесе көшiрмесiн; 3) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелуi туралы куәлiктiң нотариалды куәлендiрiлген көшiрмесiн. Шетелдiк заңды тұлға үшiн - шетелдiк заңды тұлғаның шетел мемлекетiнiң заңдарына сәйкес құрылған шетелдiк заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың нотариалды куәлендiрiлген көшiрмесiн; 4) жарғының нотариалды куәлендiрiлген көшiрмесiн; 5) мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы (-лары) бар жеке тұлғаның (-лардың) не жеке осы Ережемен ұсынылған біліктілік талаптарына жауап беретiндердiң тiзiмiн жеке адамдар үшiн және олардың (оның) негiзiнде өтiнiш берушi заңды тұлғамен олар (ол) еңбек қатынастарында болатын құжаттардың көшірмесiн; 6) мүлiктi бағалау жөніндегі лицензиясы жоқ жеке адамдардың біліктілік талаптарына сәйкестiгiн растайтын осы Ереженiң 8-тармағының 3)-6) тармақшаларында санамаланған құжаттарды ұсынады. 10. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың дұрыстығына заңнамада белгiленген тәртiппен жауапты болады. 11. Лицензия алуға арналған қажеттi құжаттарды өтiнiш берушiнiң өзi немесе оның уәкiлеттi өкiлi сенiмхат бойынша не тапсырыс хатпен ұсынады. ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12. Осы Ережеде көрсетiлген мүлiктiң түрлерi бойынша қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретiн Лицензиаттарға мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия берiледі. ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен 12-1-тармақпен толықтырылды 12-1. Мүлiкті бағалауға лицензиясы бар адамдар лицензияға қосымшаға толықтырулар енгізу туралы өтiнiшпен жүгіне алады. Жеке тұлғалар лицензияға қосымшаға толықтырулар енгізу туралы өтiнiшке осы Ереженiң 8-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоса бередi, заңды тұлғалар осы Ереженiң 9-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоса бередi. Лицензияға бұрын берiлген қосымша қайтарылуы тиiс. Лицензияға қосымшаға толықтырулар енгізу туралы өтiнiш лицензия беру үшiн белгіленген мерзiмдерде қаралады. 13. Лицензияны беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешiм бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - Лицензиардың бұйрығымен ресiмделетiн, өтiнiштiң берiлген күнiнен бастап он күндiк мерзiмнен кешіктiрiлмей қабылданады. 14. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн. Лицензия беруден бас тартқан кезде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде бас тарту себептерi көрсетiле отырып өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап (жiберiледi) тапсырылады. Бас тарту туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады. 15. Лицензиялар мемлекеттік және орыс тiлдерiнде ресiмделедi. Берiлген тiркеу нөмiрi бар лицензия өтiнiш берушiге немесе сенiмхат бойынша уәкiлеттiк берiлген өкiлге қол қоюмен берiледi не тапсырыс хатпен жiберiледi. 16. Жеке адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайда Лицензиат көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бiр айлық мерзiмде лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi беруге мiндеттi. 17. Лицензияны қайта ресiмдеу Лицензиат өтiнiш берген күннен бастап 10 күннiң iшiнде жүзеге асырылады және оны алу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Лицензиар лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде Тiзiлiмге тиiстi мәлiметтердi енгiзедi. Лицензияның қайта ресiмделгенi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамаларымен белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады. 18. Лицензиаттың лицензияны жоғалтып алған кезде оның телнұсқасын алуға құқығы бар. Лицензиар Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телнұсқасын берудi 10 күннiң iшiнде жүргiзедi. Бұл ретте Лицензиат мүлiктi бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлейдi. 3. Жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары 19. Мүлiктi бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия осы Ережемен ұсынылған талаптарға біліктілік деңгейi сәйкес келетiн өтiнiш берушiге берiледi. ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 20. Бойынша мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн жеке адамдарға: 1) «Бағалау» мамандығы бойынша жоғары білiмiнiң, мамандығы бойынша 1 жылдық жұмыс тәжiрибесінiң болуы немесе 2) жоғары экономикалық және/немесе техникалық және/немесе заңгерлiк білімiнiң, мүлiктi бағалау саласында 2 жылдық жұмыс тәжiрибесiнiң болуы, сондай-ақ өтінiш берушi жүзеге асыруға үмiттенiп отырған мүлiктi бағалаудың сол түрлерi бойынша арнайы дайындықтан өтуi біліктілік талаптары қойылады. 3) ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 21 ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 22. Заңды тұлға оның штатында мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар не мүлiктi бағалауға лицензия алу үшiн біліктілiк талаптарына жауап беретiн, осы заңды тұлға оның негiзгi жұмыс орны болып табылатын кемiнде бiр қызметкерi болған кезде мүлiктi бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия ала алады. Заңды тұлғаға берiлетiн лицензияға заңды тұлғаның атынан тиiстi мамандандырулар бойынша мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар жеке адамдардың тiзiмi қоса берiледi. Лицензиат көрсетiлген тiзiмдегi адамдардың құрамы өзгерген кезде бiр ай мерзiмде Лицензиарға куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, жаңа тiзiм ұсынады (жiбередi). Жаңа жеке адамды тiзiмге енгiзген жағдайда Лицензиат сол адамның осы Ережемен ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады. Тiзiмде көрсетiлген адамдардың құрамы өзгерген кезде Лицензиат Лицензиарға заңды тұлғаның атынан мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың бұрын берiлген тiзiмiнiң түпнұсқасын қайтаруы тиіс. ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен 22-1-тармақпен толықтырылды 22-1. Заңды тұлғаның филиалы (өкiлдігі) ашылған жағдайда Лицензиат бір айдың iшiнде бұл туралы филиалдың мүлiктi бағалау жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын қызметкерлерiн көрсете отырып Лицензиарға хабарлайды. 4. Лицензиаттардың құқықтары мен мiндеттерi 23. Лицензиаттардың: 1) лицензияның күшiн тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесi бойынша барлық материалдармен танысуға; 2) Лицензиардың заңсыз әрекеттерiне сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар. Лицензиаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген басқа да құқықтары бар. 1) лицензияның жоғалғаны туралы хабарлауға; ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен бiрге Лицензиаттың мекен жайының өзгергені туралы Лицензиарға бiр айлық мерзiмде хабарлауға; 3) лицензияланатын қызметтiң тоқтатылғаны туралы шешiм қабылданған кезде Лицензиарға лицензияны қайтаруға мiндеттi. 25. Лицензиаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүлiктi бағалау жөніндегі өздерiнiң қызметiн жүзеге асыруға жауапты болады. 5. Лицензиаттың мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруын бақылау 26. Лицензиаттың мүлiктi бағалау жөніндегі қызметiне бақылауды Лицензиар жүзеге асырады. 1) Лицензиат қызметiнiң Қазақстан Республикасының бағалау қызметiн реттейтiн заңнамасына сәйкестiгiне тексеру жүргiзуге; 2) заңнаманың нақты бұзылуын және нақты мерзiмде жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, тексерyлердiң нәтижелерi негiзiнде актiлер (хаттамалар) жасауға; 3) анықталған бұзушылықты жоюға Лицензиатты мiндеттейтiн шешiм шығаруға; ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) өз құзыреті шегiнде Лицензиаттан ақпарат сұратуға құқығы бар. 28. Лицензиар тоқтатылу себептерiн көрсете отырып, лицензияның күшін алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқықты. 29. Мыналар Лицензияның күшiн тоқтатуға: 1) Лицензиаттың лицензиялық талаптар мен шарттарды бұзуын, сондай-ақ оның біліктілік талаптарына сәйкессiздiгiн Лицензиардың анықтауы; 2) анықталған бұзушылықтарды жою туралы Лицензиардың заңды талаптарын (шешiмдерiн) Лицензиаттың орындамауы негiз болып табылады. 30. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi лицензияларының күшiн тоқтатуды Лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi. 31. Лицензияның күшiн тоқтату оны тоқтатуға негiз болып табылатын бұзушылықтар жойылғанға дейiн бағалау қызметiн жүзеге асыруға тиым салуға әкеп соғады. 32. Оның тоқтатылу себептерi жойылғаннан және Лицензиар тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн Лицензиаттың өтiнiшi бойынша лицензия жаңғыртылған болып саналады, ол туралы Лицензиатқа үш күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей хабардар етiледi. 33. Лицензияны тоқтату туралы шешiм Лицензиардың бұйрығымен ресiмделедi және Лицензиатқа тапсырылады (жiберiледi). 34. Лицензия, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше көзделмесе, мынадай жағдайларда: 1) Лицензияда айтылған талаптарды Лицензиат орындамағанда; 2) Лицензиаттың жүзеге асыруға лицензиясы бар қызметтiң белгiлі бiр түрiмен айналысуына Лицензиатқа сот тиым салғанда; 3) Лицензиар лицензияның күшiн тоқтатқан себептерi жойылмағанда; 4) лицензияны алу кезiнде Лицензиаттың көрiнеу жалған ақпарат бергенiнде сот тәртібімен қайтып алынуы мүмкiн. 1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2-қосымша. ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3-қосымша. ҚР Үкіметінің 2005.09.08. № 821 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қар)
|