<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанынан Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы № 194 Қаулысы (2007.12.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанынан Мемлекеттік корпоративтік басқару
мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы № 194 Қаулысы

(2007.12.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 363 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Кеңестің құрамы;

2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 21 наурыздағы

№ 194 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы

мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегi

мамандандырылған кеңестің құрамы

 

ҚР Үкіметінің 2006.15.11. № 1079 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Мәсімов Кәрім

Қажымқанұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің орынбасары, төраға

 

 

Мусин

Аслан Есболайұлы

- Қазақстан Республикасының

Экономика және бюджеттік жоспарлау

министрі, төрағаның орынбасары

 

Қабиев

Дәулет Жақсылықұлы

- Қазақстан Республикасының

Экономика және бюджеттік жоспарлау

министрлігі Мемлекеттік активтердi

басқару саясаты департаментінің

директоры, хатшы

 

Коржова Наталья

Артемовна

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрi

 

 

Iзмұхамбетов Бақтықожа

Салахатдинұлы

Қазақстан Республикасының Энергетика

және минералдық ресурстар министрi

 

 

Мыңбаев Сауат

Мұхаметбайұлы

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару

жөніндегі қазақстандық холдингі»

акционерлік қоғамы атқарушы директорының

міндетін атқарушы (келісім бойынша)

 

 

Ахметов

Серік Нығметұлы

- Қазақстан Республикасының Көлік

және коммуникация министрi

 

Школьник

Владимир Сергеевич

- Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда министрi

 

Есекеев

Қуанышбек Бахытбекұлы

- Қазақстан Республикасы

Ақпараттандыру және байланыс

агенттігі төрағасының міндетін

атқарушы

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 21 наурыздағы

№ 194 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы

мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелерi

жөніндегі мамандандырылған кеңес туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кеңес акциялардың мемлекеттік пакеті «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берілген ұлттық компанияларды, өзге де акционерлік қоғамдарды (бұдан әрі - компаниялар) басқару жөнінде негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу үшін құрылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кеңестің міндеттерi

 

4. Кеңестің міндеттері:

1) Компанияларды дамыту жөнінде негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;

2) «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Холдинг) компаниялардың өз мақсаттары мен қаржылық нәтижелеріне қол жеткізуі жөніндегі қызметін бағалау жүргізу болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Кеңес міндеттерді шешу кезінде:

1) коммерциялық және коммерциялық емеске бөліп, басты стратегиялық мақсаттар, коммерциялық және коммерциялық емес мақсаттар арасындағы теңгерім;

2) маңызды салалық бастамалар мен міндеттер;

3) қорытылған тиімділік көрсеткіштері мен рентабельділік коэффициенттері;

4) дивидендтер төлеу деңгейі, компаниялардың таза кірістерін бөлу және қайта инвестициялау;

5) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық бағдарламалар;

ҚР Үкіметінің 2007.12.03. № 183 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) компаниялардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Әрбір компания үшін негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер жөніндегі ұсынымдарды Кеңес екі жылда бір рет жүзеге асырады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кеңестің құқықтары

 

7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға;

2) Кеңестің отырысына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша оларды тыңдауға;

3) қажеттілігіне қарай компанияларды басқарудың проблемалық мәселелерін талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

 

8. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. Кеңес төрағасы Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Кеңестің қызметіне жауапты болады.

Төраға болмаған уақытта оның функциясын оның орынбасары орындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Кеңестің құрамына экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы министрліктерінің, салалық орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары, Холдингтің атқарушы органының басшысы (келісім бойынша) кіреді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Кеңестің жұмыс органы оның қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметкері Кеңестің хатшысы болып табылады. Кеңестің хатшысы Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдар дайындайды және отырыстың хаттамасын ресімдейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде, бірақ екі жылда бір рет қана өткізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14. Отырыстардың күн тәртібін Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырады.

Кеңес отырыстарын өткізу уақыты мен орнын Кеңес төрағасы белгілейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15. Кеңестің күн тәртібін Кеңестің хатшысы Кеңестің мүшелеріне, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғаларға жібереді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16. Отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешім, қатысушы Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасының даусы шешуші болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17. Кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді. Отырыс хаттамасын хатшы дайындайды және оған отырысқа қатысушы Кеңестің барлық мүшелері қол қояды.

Кеңес мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол жазбаша түрде жазылады және хаттамаға қоса берілуі тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18. Кеңес отырысының қол қойылған хаттамасы барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен Холдингке таратылады.

 

 

5. Кеңестің қызметін тоқтату

 

Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.